Меню
Страницы
Құжаттар
Қызметі
Байланыс ақпарат
Министрлік туралы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Басқарма туралы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Все материалы
30 июня 2026
Батыс Қазақстан облысында жаңғыртудан өткен Семиглавый Мар және Қазақстан теміржол вокзалдары пайдалануға берілді

Батыс Қазақстан облысында жаңғыртылған теміржол инфрақұрылымы нысандарын кезең-кезеңімен пайдалануға беру жалғасуда. Қайта жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін Семиглавый Мар станциясының вокзалы мен Ақсай қаласындағы Қазақстан теміржол вокзалы пайдалануға берілді. Нысандардың салтанатты ашылу рәсіміне Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысты.

Вокзалдарды жаңғырту Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды бағдарлама аясында жүргізілді. Бағдарлама жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға, өңірлердегі көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға және тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған.

Тарихы 90 жылдан асатын Қазақстан теміржол вокзалы толықтай жаңартылды. Қайта жаңғырту барысында вокзал ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, екі жолаушылар платформасы жаңартылды, жаяу жүргіншілер көпірі қалпына келтірілді, инженерлік желілер жаңғыртылып, вокзал маңы абаттандырылды.

Жобаларды іске асыру кезінде кедергісіз орта қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Вокзалдарда мүмкіндігі шектеулі жандардың еркін қатынауына қажетті жағдай жасалып, күту залдары мен жолаушыларға арналған инфрақұрылым заманауи талаптарға сай жаңартылды.

Өткен жылы Батыс Қазақстан облысында теміржол көлігімен 419 мың жолаушы тасымалданып, 5 млн тоннадан астам жүк жеткізілді. Жаңғыртылған вокзалдар өңір тұрғындары мен қонақтарына көрсетілетін қызмет сапасын арттырып, жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

30 июня 2026
Қазақстанда аэротакси мен ұшқышсыз авиацияны дамытуға арналған заңнамалық негіз қалыптастырылды

2026 жылғы 24 маусымда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол қозғалысы және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Қабылданған түзетулер «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілді.

Аталған қадам инновациялық авиацияны дамытуға және озық технологияларды ұлттық авиация жүйесіне интеграциялауға арналған заманауи нормативтік-құқықтық базаны ресми түрде қалыптастырады.

Осы шешім арқылы Қазақстан қалалық әуе мобильдігі (Urban Air Mobility – UAM) нарығын құқықтық тұрғыдан реттеп, АҚШ (FAA), Еуропалық одақ (EASA), Оңтүстік Корея және Қытаймен қатар eVTOL (тік ұшып-қонып, электр қуатымен жұмыс істейтін әуе кемелері) саласындағы дамыған нормативтік-құқықтық базасы бар мемлекеттердің қатарына қосылды.

Заңға мынадай 7 негізгі түзету енгізілді:

  • «жетілдірілген әуе мобильдігі» (Advanced Air Mobility) ұғымы енгізіліп, оның түрлері – қалалық және өңіраралық әуе мобильдігі айқындалды;
  • тік ұшып-қону мүмкіндігі бар электр әуе кемелерін (eVTOL) және жетілдірілген әуе мобильдігіне жатқызылған өзге де әуе кемелерін пайдаланудың құқықтық негізі қалыптастырылды;
  • жетілдірілген әуе мобильдігінің инфрақұрылымы ретінде вертипорттардың құқықтық мәртебесі бекітіліп, олардың жұмыс істеу ерекшеліктері айқындалды;
  • авиациялық техниканы әзірлеушілер мен өндірушілерді, қалалық әуе мобильдігі операторларын және азаматтық қашықтан басқарылатын авиациялық жүйелерді сертификаттаудың жаңа тетіктері енгізілді;
  • ұшқышсыз әуе қозғалысына қызмет көрсету жүйесінің (UTM) құқықтық мәртебесі айқындалды. Бұл жүйе ұшқышсыз авиациялық жүйелердің ұшуын цифрлық басқаруды, ақпарат алмасуды, сәйкестендіруді, маршруттауды және әуе кеңістігін пайдалануды үйлестіруді көздейді;
  • ұшқышсыз әуе қозғалысына қызмет көрсететін цифрлық инфрақұрылым мен киберқауіпсіздікке қойылатын талаптар белгіленді;
  • азаматтық ұшқышсыз авиациялық жүйелерді мемлекеттік реттеу тетіктері жетілдіріліп, оларды тіркеу, пайдалану, сертификаттау және ұшуларды ұйымдастыру мәселелері қамтылды.

 

Қабылданған заңнамалық өзгерістер инновациялық авиациялық технологияларды тәжірибелік кезеңнен толыққанды құқықтық ортаға көшіруге мүмкіндік береді. Бұл инвестиция тартуға, жаңа технологияларды енгізуге және жоғары технологиялық бизнесті дамытуға ашық әрі айқын жағдай қалыптастырады.

30 июня 2026
Қарағанды облысында жаңғыртудан өткен үш теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Қарағанды облысында вокзалдарды жаңғырту бағдарламасы аясында Нұра, Қарағанды-Сұрыптау және Жаңа Қарағанды станцияларындағы теміржол вокзалдары, сондай-ақ Шет ауданындағы Айса станциясының жолаушылар платформасы пайдалануға берілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқа бағдарламаға облыстан 14 теміржол вокзалы мен жолаушылар платформасы енген болатын. Бүгін пайдалануға берілген нысандар алғашқылардың бірі. Жоба жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға, қолайлы жағдай жасауға және көлік инфрақұрылымын заманауи талаптарға сай жаңғыртуға бағытталған.

Жұмыс барысында ғимараттың қасбеті мен ішкі үй-жайлары толық жаңартылды, инженерлік желілер, жылыту, сумен жабдықтау және электрмен жабдықтау жүйелері жаңғыртылды. Вокзалда заманауи күту аймақтары жасалып, навигация жақсартылды, жүріп-тұруы шектеулі азаматтар үшін қолайлы жағдайлар қамтамасыз етілді.

Жаңғыртылған маңызды нысандардың бірі – 1965 жылы салынған Қарағанды-Сұрыптау станциясының вокзалы. Ұзақ жылдар пайдаланылған ғимарат кешенді жаңартуды қажет етті. Бүгінде вокзал толықтай жаңғыртылып, заманауи талаптарға сәйкес келтірілді. Бұл станция арқылы тәулігіне 21 жолаушылар пойызы қатынайды.

Өңірде теміржол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Жаздың соңына дейін Балқаш-2, Мойынты, Ақадыр, Дария, Жарық, Мырза және Сарыбел станцияларындағы вокзалдарды, сондай-ақ Теміртау мен Сарышаған станцияларындағы жолаушылар платформаларын қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.

Жалпы, Қазақстан бойынша жаңғырту бағдарламасы аясында 124 теміржол вокзалы қайта жаңартылуда. Бұл жұмыстар көлік қызметтерінің сапасын арттыруға, өңірлік инфрақұрылымды дамытуға және жолаушылар үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған.

30 июня 2026
Семейдегі көпір құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Анар Ғабдуллина Семей қаласындағы автогуж көпірін реконструкциялау жұмыстарының барысын тексерді.

Сапар барысында жобаны іске асыру қарқыны, құрылыс жұмыстарының сапасы және құрылыс кестесінің сақталуы қарастырылды.

Көпірді реконструкциялау 2022–2026 жылдар аралығында жүзеге асырылады. Нысанның жалпы ұзындығы 1 350 метр, оның ішінде 540 метрі — автожол өткелдері, 810 метрі — көпірдің аралық құрылымы. Көпірдің ені 23 метрді құрайды. Жоба бойынша 9 тірек тұрғызу көзделген.

Бүгінгі күні 9 тіректің 8-і тұрғызылды. Нысанға жалпы көлемі 9 мың тонна металл конструкциялар жеткізілді, олардың 4,7 мың тоннасы орнатылды.

Анар Ғабдуллина жобаны белгіленген мерзімде аяқтаудың маңыздылығын атап өтіп, құрылыс сапасы мен жұмыс кестесінің сақталуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Жоба Абай облысының тұрғындары үшін маңызды инфрақұрылымдық нысан болып табылады. Реконструкция аяқталғаннан кейін көпір Семей қаласының жағалаулары арасындағы көлік қатынасын анағұрлым ыңғайлы әрі қауіпсіз етіп, өткізу қабілетін арттырады және қалалық инфрақұрылымның дамуына қосымша мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жалғасуда.

30 июня 2026
Құсмұрын теміржол вокзалы жаңғыртылудан кейін қайта ашылды

Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Құсмұрын станциясының теміржол вокзалы күрделі жөндеуден кейін пайдалануға берілді. Салтанатты шараға аймақ басшысы Құмар Ақсақалов қатысты.

Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде теміржол вокзалдарын ауқымды жаңғырту жұмыстары жүзеге асырылуда.

Бүгін Әулиекөл ауданы Құсмұрын станциясының теміржол вокзалы күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды.

Еліміз бойынша 124, Қостанай облысында Қостанай, Арқалық, Тобыл Железорудный, Аманқарағай және Құсмұрын станцияларындағы 6 теміржол вокзалы қайта жаңартылуда. «Бұған дейін Аманқарағай станциясының жаңартылған теміржол вокзалы пайдалануға берілген болатын. Құсмұрын вокзалы 1949 жылы салынған. Қайта жөндеу барысында ғимараттың сәулеттік келбеті толық жаңартылып, инженерлік желілер ауыстырылды. Күту залдары, билет кассалары мен санитарлық тораптар заманауи стандарттарға сәйкес жабдықталды», — деді Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов.

Вокзалдың жалпы аумағы 893 шаршы метрден 944 шаршы метрге дейін ұлғайды.
Орталық платформа 430 метрден 462 метрге, ал жиектегі платформа 491 метрден 540 метрге дейін ұзартылды.

Бұрын станция 17 вагонға дейінгі жолаушылар пойыздарын қабылдай алса, енді 21 вагонға дейінгі пойыздарды қабылдауға мүмкіндік бар.

29 июня 2026
Бүгін еліміздің үш өңірінде жаңартылған бес теміржол вокзалы ашылды

Қостанай, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында: Аманқарағай, Құсмұрын, Ганюшкино, Аққыстау және Семиглавый Мар теміржол вокзалдарының қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысы мен ҚР Үкіметінің тапсырмасы бойынша теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында орындалды.

Қостанай облысында Аманқарағай (1961 жылы салынған) және Құсмұрын (1949 жылы салынған) вокзалдары жаңартылды. Нысандарда ғимараттар толығымен қайта жаңартылып, шатырлар мен инженерлік желілер ауыстырылды, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілді, заманауи желдету және өрт дабылы жүйелері орнатылды, іргелес аумақтар абаттандырылды. Жолаушылар үшін заманауи санитарлық бөлмелер жабдықталып, вандалға қарсы креслолар орнатылған, тактильді навигация енгізілген және мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жағдай жасалған. Аманқарағай станциясында жағалау перроны ұзартылып, жарықтандыру мен жабынды жаңартылды. Өңірде 13 жолаушылар пойызы қатынайды. 2026 жылдың басынан бері олардың қызметін 92,3 мың жолаушы пайдаланды.

Атырау облысында Ганюшкино және Аққыстау вокзалдарын қайта жаңарту жұмыстары аяқталды. Нысандарда қасбеттер мен ішкі үй-жайлар жаңартылып, инженерлік желілер мен шатырлар ауыстырылды, жаңа жиһаздар мен жабдықтар орнатылды, іргелес аумақтар абаттандырылды. Ганюшкино вокзалының ауданы 250-ден 713 шаршы метрге дейін ұлғайтылды, Аққыстау вокзалы 202-ден 215 шаршы метрге дейін ұлғайды.  Облыс аумағы бойынша 9 жолаушылар пойызы жүреді, 2026 жылдың басынан бастап 253,8 мың жолаушы тасымалданды.

Батыс Қазақстан облысында қайта жаңартудан кейін 1916 жылы салынған Семиглавый Мар вокзалы ашылды. Ғимаратта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары кешені орындалды, инженерлік коммуникациялар жаңартылды және іргелес аумақ абаттандырылды.  Облыста 22 жолаушылар пойызы жүреді, оларды 2026 жылдың басынан бері 124,8 мың жолаушы пайдаланды.

Барлық жұмыстар қазақстандық өндірістің заманауи құрылыс материалдарын пайдалана отырып орындалды.

Жаңартылған вокзалдар қауіпсіздіктің, қол жетімділіктің және жайлылықтың заманауи талаптарына сай келеді. Жобаларды іске асыру жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға және өңірлердің тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді.

29 июня 2026
Бүгін «Қарағанды – Жезқазған» жобасына старт берілді

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі еліміздегі ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – республикалық маңызы бар Қарағанды – Жезқазған автожолын реконструкциялау жобасының басталғанын хабарлайды.

Жобаның салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков, көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров.

Жаңа автожолдың жалпы ұзындығы 457 шақырымды құрайды. Оның 122 шақырымы Қарағанды облысының, ал 355 шақырымы Ұлытау облысының аумағы арқылы өтеді. Жол қолданыстағы автожолға параллель салынып, Қазақстанның солтүстік және оңтүстік өңірлерін байланыстыратын маңызды көлік дәлізіне айналады.

Жоба халықаралық қауіпсіздік, сапа және өткізу қабілеті талаптарына сәйкес келетін II техникалық санаттағы заманауи автожол құрылысын көздейді. Нәтижесінде әр бағытта екі жолақтан қозғалыс қамтамасыз етіледі.

Жобаның басты ерекшелігі – Қазақстанның жол саласында алғаш рет осындай ауқымда DBM (Design – Build – Maintain) форматының қолданылуы. Бұл тетік мердігер ұйымның жолды жобалау, салу және пайдалануға берілгеннен кейін жеті жыл бойы күтіп ұстау жұмыстарына толық жауап беруін қарастырады.

Құрылыс жұмыстары бір мезгілде төрт учаскеде жүргізіледі және әрқайсысы бойынша мердігер ұйымдар анықталған. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары, жобалау және жер төсемін салу жұмыстары басталып кетті.

Қарағанды – Жезқазған автожолын реконструкциялау еліміздегі ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың біріне айналып, өңірлер арасындағы көлік байланысын едәуір жақсартады, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттырады және жол жүру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

29 июня 2026
Қазақстан мен Әзербайжан 2027 жылдан бастап автотасымалдарға арналған рұқсаттарды толықтай электронды форматқа көшіреді

Баку қаласында Халықаралық автомобиль қатынасы мәселелері жөніндегі Қазақстан-Әзербайжан аралас комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша тараптар 2027 жылдан бастап қағаз түріндегі рұқсат бланкілерінен толықтай бас тартып, e-Permit жүйесі арқылы рұқсаттарды рәсімдеу мен алмасуды толық электрондық форматқа көшіру туралы келісімге келді. Бұл шешім цифрлық технологияларды енгізудің оң тәжірибесі мен халықаралық автомобиль тасымалдарында электрондық рұқсаттарды қолданудың тиімді нәтижелерін ескере отырып қабылданды.

Отырыс барысында электрондық құжат айналымына көшу әкімшілік рәсімдерді оңтайландырып, тасымалдау үдерісінің ашықтығын арттыруға және халықаралық тасымалдарды рәсімдеу уақытын қысқартуға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Сондай-ақ тараптар екіжақты және транзиттік жүк тасымалдарын дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Кездесу барысында екі ел арасындағы жүк тасымалы көлемінің тұрақты өсіп келе жатқаны, сондай-ақ Қазақстан мен Әзербайжанның халықаралық көлік дәліздерін дамытуда маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.

Тасымалдаушылардың өсіп келе жатқан сұранысын қамтамасыз ету мақсатында тараптар 2026 жылға қосымша 6 000 электрондық рұқсатпен өзара алмасуға келісті.

Сонымен қатар, 2027 жылға арналған рұқсаттардың алдын ала квотасы 28 000 бірлік көлемінде келісілді. Бұл алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 12 000-ға артық. Квотаның ұлғаюы халықаралық автомобиль тасымалдарына сұранысты қамтамасыз етуге және Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді.

Отырыс қорытындысы бойынша тараптар көлік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін растап, Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары саласындағы әріптестікті дамытудың маңыздылығын атап өтті.

29 июня 2026
Қазақстанның республикалық жолдарындағы жол белгілерінің 97%-ы нормативтік талаптарға сай

Қазақстанның республикалық маңызы бар автожолдарында 136 мыңнан астам жол белгісі орнатылғанын білесіз бе? Олар күн сайын жүргізушілерге бағыт-бағдар беріп, қауіпті учаскелер туралы ескертіп, жолдағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі. Жол инфрақұрылымының қауіпсіз әрі заманауи талаптарға сай болуы үшін жол белгілерінің жай-күйі тұрақты түрде бақылаудан өткізіліп отырады.

Осы бағыттағы жүйелі жұмыстар аясында Жол активтері сапасының ұлттық орталығы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жол белгілеріне ауқымды тексеру жүргізді.

Тескеру барысында мамандар республикалық автомобиль жолдарының бүкіл желісін қамти отырып, 136 мыңнан астам жол белгісін тексерді. Нәтижесінде жол белгілерінің шамамен 97%-ы қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес келетіні анықталды.

Сонымен қатар профилактикалық бақылау аясында назар аударуды қажет ететін шамамен 4,3 мың жағдай анықталды. Ескертулердің басым бөлігі жекелеген жол белгілерінің табиғи тозуына және техникалық жай-күйіне байланысты. Бұл — көлік қозғалысының қарқындылығы мен ауа райы жағдайларының әсерінен туындайтын қалыпты жағдай.

Анықталған кемшіліктер қатарында кейбір жол белгілерінің бүлінуі мен тозуы, орнату талаптарынан ауытқулар, сондай-ақ ақпараттық құрылымдардың көрінуі мен оқылуын жақсарту қажеттілігі бар. Бұдан бөлек, жекелеген учаскелерде жол белгілері мен шақырымдық көрсеткіштердің жетіспеуі, сондай-ақ кейбір элементтердің түнгі уақытта жақсы көрінуі үшін жарық шағылыстыру қасиеттерін күшейту қажеттілігі тіркелді.

Барлық анықталған ескертулер жедел шара қабылдау үшін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мен «ҚАЖсервис» ЖШС-не жолданды.

Жүргізіліп жатқан тексеру жұмыстары тұрақты әрі жүйелі түрде жүзеге асырылады. Бұл жұмыстар жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, жол инфрақұрылымының сапасын жақсартуға және жол пайдаланушылары үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.

29 июня 2026
Қызылорда облысында жаңғыртылған теміржол вокзалдарының ашылуы жалғасуда

Қызылорда облысында теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасын іске асыру жалғасуда. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жолаушылар үшін Қазалы теміржол вокзалы пайдалануға берілді.

Жаңарту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ел бойынша 124 теміржол вокзалын ауқымды жаңғырту бағдарламасы аясында жүргізілді. Бұл — Тәуелсіздік жылдарындағы вокзал инфрақұрылымын жаңартуға бағытталған ең ірі жоба.

Жұмыс барысында ғимараттың қасбеті мен ішкі үй-жайлары толық жаңартылды, инженерлік желілер, жылыту, сумен жабдықтау және электрмен жабдықтау жүйелері жаңғыртылды. Вокзалда заманауи күту аймақтары жасалып, навигация жақсартылды, жүріп-тұруы шектеулі азаматтар үшін қолайлы жағдайлар қамтамасыз етілді.

Қазалы теміржол вокзалы өңірдің негізгі көлік нысандарының бірі болып табылады, ол Қызылорда облысының еліміздің басқа өңірлерімен жолаушылар қатынасын қамтамасыз етеді. Жаңғырту жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттырып, вокзалда болу үшін анағұрлым жайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді.

Жалпы Қызылорда облысында бағдарлама аясында 10 теміржол вокзалы жаңғыртылуда. Бұған дейін жаңғыртудан кейін Жаңақорған, Шиелі вокзалдары және Талап жолаушылар платформасы пайдалануға берілген болатын. Қазалы вокзалының ашылуы өңірдің теміржол инфрақұрылымын кешенді жаңартудың кезекті кезеңі болды.

Социальные сети
komitettransporta
ҚР ИИДМ Көлік комитеті
Комитет транспорта МИИР РК
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері