АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ (ЗАҢДАР)

«ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ҮКІМЕТТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВТОМОБИЛЬ ТАСЫМАЛДАРЫ ҮШІН ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙЛАР ЖАСАУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМДІ РАТИФИКАЦИЯЛАУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛҒАН.

2015 жылғы 2 қарашадағы № 385-V «Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы Халықаралық автомобиль тасымалдары үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылған.

Заңмен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары үшін қолайлы жағдайлар жасау туралы келісімді ратификациялау көзделген.

Келісімнің негізгі мақсаты Ұйым қатысушылары арасында халықаралық автомобиль қатынасын дамыту, сондай-ақ өзара тиімді тасымалдар нарығын құру болып табылады.

Келісімде Ұйымға мүше мемлекеттер (Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан) арасында квоталы рұқсат жүйесі негізінде, келісілген маршруттар бойынша жүк тасымалдарын жүзеге асыру көзделген.

Келісіммен 6 маршрут анықталды, оның төртеуі (№1,2,4,5) Қазақстан аумағы арқылы өтеді, осы маршруттардың ашу мерзімі орнатылған – ол 2020 жылдан кешіктірілмейді. 

Келісім күшіне енгеннен кейін  Ұйымға мүше мемлекеттердің тасымалдаушылары бекітілген маршруттар бойынша тасымалдарды жүзеге асыруға мүмкіндік алады, соның ішінде Қытайдың Шығыс бөлігінен, яғни Ляньюньган портынан Батыс Еуропаға дейін.

Сонымен қатар аталған Келісімді қабылдау арқылы Қазақстан аумағы бойынша автомобиль көлігімен транзиттік жүктер көлемінің ұлғаюы 2020 жылдан бастап 3 млн.тоннаға дейін (2014 жылдың қорытындысы бойынша 1,46 млн.тонна) болжамдалады.

«ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ҮКІМЕТТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВТОМОБИЛЬ ТАСЫМАЛДАРЫ ҮШІН ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙЛАР ЖАСАУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМДІ РАТИФИКАЦИЯЛАУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛҒАН.
Дата публикации
02 ноября 2015