Жезқазған қаласы «____» ____________ 2026 жыл
Жезқазған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысының 2026 жылғы 12 мамырдағы №34 н/қ бұйрығы негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүргізілді:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жалпы кезеңі 2026 жылғы 12 мамырдан 12 маусымға дейінгі аралықты қамтыды.
Талданатын қызмет кезеңі: 2025-2026 жылдар.
Жезқазған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
Жезқазған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің штат саны 6 мемлекеттік қызметшіні құрайды, оның ішінде нақты жұмыс істейтін қызметкерлер саны – 5 адам, 1 бос лауазым бар. Шарт бойынша – 6,5 бірлік, нақты штат саны – барлығы 12 адам.
Мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданатын барлық қызметкерлер қолданыстағы заңнамаға сәйкес міндетті арнайы тексеруден өтеді. Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметке алғаш рет кірген тұлғалар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген шектеулерді қабылдайды.
Қызметкерлерді лауазымдық өсіру, өзге лауазымдарға конкурстық іріктеу өткізбестен ауыстыру Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 27-бабы 10-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Заңнаманы бұзған немесе сақтамаған, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол берген және заңнамада көзделген өзге де бұзушылықтарды жасаған тұлғаларға тәртіптік сипаттағы шаралар қолданылады. Қолданыстағы тәртіптік жазасы бар қызметкерлерге көтермелеу шаралары қолданылмайды. Тәртіптік жазаларды алу бір айдан және одан да көп уақыттан кейін, сондай-ақ ескертулер жойылған жағдайда жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес 2025 жылдың қорытындысы бойынша әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау жүргізілді. Жезқазған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінде 5 мемлекеттік қызметші бағалаудан өтті. Бағалау нәтижесі бойынша – «тиімді».
Қызметкерлердің оқудан өтуі және біліктілігін арттыру мерзімдері мен тәртібі сақталады: қызметкерлердің 100%-ы біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Ұсыным: Жезқазған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміндегі мемлекеттік қызметшілердің штат санын ұлғайту.
Талдау барысында жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың және жекжаттардың бірлесіп қызмет атқаруы (жұмыс істеуі) фактілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындатуы мүмкін екендігі ескерілді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағына сәйкес жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар және оларға теңестірілген адамдар (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент депутаттығына немесе мәслихат депутаттығына кандидаттарды, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда) өздерінің жақын туыстары және (немесе) жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жекжаттары атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты лауазымдарды атқара алмайды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау барысында Бөлімде жақын туыстардың бірлесіп қызмет атқаруы (жұмыс істеуі) фактілері анықталған жоқ. Мүдделер қақтығысының фактілері жоқ.
Өкілеттіктерді және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін нормаларды талдау нәтижелері бойынша мұндай тәуекелдер анықталған жоқ.
Бөлімнің қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністері бойынша жеке және заңды тұлғалардан өтініштер келіп түскен жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды одан әрі күшейту және олардың тиімділігін арттыру мақсатында:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мердігер ұйымның белгілі бір жұмыс түрлерін орындауы барысында туындауы мүмкін. Атап айтқанда, балалар алаңдарын орнатуға байланысты мынадай факт анықталды:
2024 жылғы 19 тамызда орындалған жұмыстар актісі негізінде оған 49,3 млн теңге төленді. Алайда кейіннен жұмыстардың іс жүзінде орындалмағаны: баскетбол алаңдарының орнатылмағаны және атқарушылық құжаттаманың болмағаны анықталды.
2024 жылғы 19 қыркүйекте шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізбеуіне байланысты шарт бұзылды. Тапсырыс беруші төленген қаражатты қайтару туралы талаппен сотқа жүгінді.
Сот жұмыстардың іс жүзінде орындалмағанын анықтап, «QAZ PROJECT PRO» ЖШС-нен 49 301 442 теңге және мемлекеттік бажды өндіріп алу туралы шешім шығарды.
Бөлімнің жұмысында мынадай ақпараттық жүйелер пайдаланылады: «Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесі» АЖ; «Мемлекеттік органдардың интранет-порталы» АЖ; «Электрондық мемлекеттік сатып алу порталы» АЖ; «Қазынашылық-клиент» АЖ; «1-С платформасындағы К2.Бюджет» бағдарламалық өнімі, «Е-әкімдік», «Е Qazyna», «Е-өтініш», «109», бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен мүдделер қақтығысын барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Ақпараттық жүйелерді пайдалану барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бағалау жүргізіліп, анықталған сыбайлас жемқорлық функцияларын жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық деңгейіне әсер етуі мүмкін тәуекелдер зерделенді.
Талдау жүргізілген кезеңде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім функцияларды жүзеге асыру барысында бірнеше тәуекел анықталғанын атап өткен жөн. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау ықтималдығын, жиілігін және әсер ету деңгейін ескере отырып, анықталған тәуекелдердің туындау ықтималдығы төмен және оларды толықтай жоюға болады.
Қажет: