«Жезқазған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ-нің 2025 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтері туралы

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры арқылы электрондық түрде көрсетеді.

Есепті кезеңде келесі мемлекеттік қызметтер көрсетілді:

«Ағаштарды кесуге рұқсат беру»;

«Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы паспортының берілуі».

«Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметі бойынша 2025 жылы барлығы 16 өтінім түсіп, қаралды. Оның ішінде 4 өтінім жеке тұлғалардан және 12 өтінім заңды тұлғалардан түсті.

«Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылу өндіруші, жылу тасымалдаушы субъектілердің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы паспортының берілуі» мемлекеттік қызметі бойынша есепті кезеңде «ҚазТрансОйл» АҚ-нан 1 өтінім түсіп, қаралды.

2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылар тарапынан арыз-шағымдар түскен жоқ.

Дата публикации
16 июня 2026