ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев Қытайдың CTG International туристік корпорациясының өкілі Чжан Чжэнцимен кездесті.
Кездесуге China Tourism Group компаниясының өкілдері, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы бірлескен туристік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысатын компаниялардың басшылары мен менеджерлері қатысты.
Келіссөздер барысында Қытай мен Қазақстан арасында трансшекаралық туристік автомагистраль құру бастамасы аясында бірлескен жобаларды іске асыру әлеуеті талқыланды. Тараптар туристік инфрақұрылымды дамыту, шекаралық рәсімдерді жеңілдету, инвестиция тарту және трансшекаралық нарықта бірлескен туристік өнімдерді дамыту мәселелерін қарастырды.
Жиында жаңа бағыт бойында тамақтану, орналастыру, көлік, бос уақытты өткізу және мәдени алмасу нысандарын қамтитын бірыңғай туристік кеңістік қалыптастыру жоспарларына ерекше бөлінді. Жоба екі ел арасындағы туристік байланыстарды нығайтуға және шекара маңы туризмін дамыту мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
Кездесу қорытындысында тараптар туристік инфрақұрылымды дамыту және Қазақстан мен Қытай арасындағы туризм саласындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған жаңа жобаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді.