2024 жылы Қазақстандағы қонақ үйлер, демалыс базалары, хостелдер мен өзге де орналастыру орындары 299,8 млрд теңгеге қызмет көрсетті. Бұл — 2023 жылмен салыстырғанда 31%-ға көп. 2023 жылы саладағы қызмет көлемі 229 млрд теңгені құраған еді.
Орналастыру орындарының саны жыл ішінде 311-ге артып, жалпы саны 4 303 нысанға жетті. Ал біржолғы сыйымдылығы 18 мың төсек-орынға ұлғайып, 226 мыңнан асты. Бұл көрсеткіштер елімізде туризм инфрақұрылымының даму қарқыны жоғары екенін және орналастыру орындарына сұраныстың артқанын айғақтайды.
✅Қызмет көлемі бойынша көш бастаған өңірлер:
✅Алматы қаласы — 96,3 млрд теңге
✅Астана қаласы — 65,7 млрд теңге
✅Ақмола облысы — 27,7 млрд теңге
✅Маңғыстау облысы — 18,5 млрд теңге
✅Шымкент қаласы — 11,3 млрд теңге.