
Сәуір айында елімізде туризм саласында түрлі форматтағы іс-шаралар өтеді. Әр өңірде ішкі және келу туризмін дамытуға бағытталған көрмелер, фестивальдер, оқыту семинарлары және басқа да іс-шаралар өткізу жоспарланған.
✅Алматы: 23-25 сәуір күндері Алматыда айдың басты туристік іс-шарасы – 23-ші халықаралық KITF-2025 туристік көрмесі өтеді. Оған еліміз бен шетелдің туризм саласындағы жетекші өкілдері қатысады.
✅Шымкент: Қалада қызғалдақтың символын дәріптейтін «Қызғалдақ жолы» фестивалі өтеді. Бағдарлама аясында театрландырылған қойылым, шеру және жәрмеңке өткізу көзделген.
✅Түркістан облысы: 15 сәуірде Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістандағы этноауылда дәстүрлі неке қию рәсімі – Neke Tour атты ерекше шара өтеді.
✅Ақмола облысы (Бурабай):
Бурабайда туризмді дамытуға бағытталған бірқатар семинар мен тренинг ұйымдастырылады:
* Туризмдегі маркетинг
* Экотуризмді дамыту
* Гастротуризм негіздері
* Агротуризм – өңір дамуының факторы
* Экскурсоводтың негізгі дағдылары
✅Шығыс Қазақстан облысы: 19-20 сәуір күндері Өскемен қаласындағы «Титан» спорт кешені базасында «Шығыс арғымақ» көрмесі өтеді. Бұл іс-шара ат туризмінің үздік тәжірибелерін ұсынуға бағытталған. Атқа міну өнерін насихаттау арқылы ұлттық мәдениетті дәріптеу және белсенді демалысты дамыту көзделген.