Алматы бойынша гид: туристік ақпараттық орталықтар қызметіңізге дайын

Алматы бойынша гид: туристік ақпараттық орталықтар қызметіңізге дайын

Алматы қаласында тоғыз туристік ақпараттық орталық жұмыс істейді. Орталықтардан қала, оның көрікті жерлері, іс-шаралар мен экскурсиялар туралы пайдалы ақпарат алуға болады. Мамандар сізге қолайлы маршруттарды таңдауға көмектесіп, пайдалы кеңестер береді және уақытыңызды тиімді өткізудің жолдарын ұсынады.

Орталықтар негізгі туристік орындарда – әуежайда, қаланың негізгі көшелерінде, көрнекті орындар мен табиғи көрікті жерлерде орналасқан. Мұнда сіз қала картасын тегін алып, мәдени оқиғалар мен қала бойынша ыңғайлы саяхат туралы кеңестер ала аласыз.