Ұлттық киім – ұлттық болмысымыздың айнасы

Ұлттық киім – ұлттық болмысымыздың айнасы

18 наурыз – Ұлттық киім күні. Бұл мереке халқымыздың мәдени мұрасын дәріптеп, салт-дәстүріміздің маңызын көрсетуге бағытталған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық киімнің халқымыздың бірегей болмысын айқындайтын маңызды құндылық екенін атап өтіп, оны кеңінен насихаттап, дәріптеу қажет екенін айтқан болатын.

Осы ұстанымды қолдай отырып, Туризм индустриясы комитетінің қызметкерлері аппарат жиналысына ұлттық нақыштағы киіммен қатысты.