Түркістандағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінің студенттері Түркияда ақылы тәжірибеден өте алады

Түркістандағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінің студенттері Түркияда ақылы тәжірибеден өте алады

Түркістандағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінің (IUTH) студенттері Анталияның жетекші қонақүйлерінде тәжірибеден өте алады. Бұл ретте студенттер атқарған жұмыстары үшін еңбекақы алатын болады.
 
Биыл университет Түркияға 60 студент жіберуді жоспарлап отыр. Болашақта практиканттар саны 300 адамға дейін ұлғаяды.
Халықаралық туризм және меймандостық университеті шетелдегі тәжірибеден басқа өз студенттері мен оқытушы-профессорлар құрамы үшін түріктің үш ЖОО-мен академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске қосады.
 
Келісімдерге IUTH ректоры Айдос Сәкеновтің Түркияның жоғары оқу орындарының ректорларымен және елдің қонақ үй бизнесінің ірі өкілдерімен кездесуі аясында қол жеткізілді.

«Түркия-туризм саласындағы әлемнің жетекші елдерінің бірі. Сондықтан жергілікті қонақүйлерде біліктілік арттыру біздің студенттерге ең құнды тәжірибе мен кәсіби өсу үшін маңызды білім береді. Білікті кадрларды даярлау-біздің басты мақсатымыз. Мұндай ынтымақтастық отандық туризм индустриясының дамуына елеулі үлес қосады»,– деді Халықаралық Туризм және меймандостық университетінің ректоры Айдос Сәкенов.