Кюрасао үкіметі Қазақстанға заңсыз «офшорлық» онлайн-казинолармен күресуге көмектеседі

Кюрасао үкіметі Қазақстанға заңсыз «офшорлық» онлайн-казинолармен күресуге көмектеседі

Қазақстан мен Кюрасао Қазақстандағы онлайн-казинолардың заңсыз қызметімен күресуде ынтымақтастық туралы келісім жасады.

Қазақстан мен Кюрасао Қазақстандағы онлайн-казинолардың заңсыз әрекеттеріне тосқауыл қою бойынша бірлескен іс-қимыл жоспары туралы келісті.

Астанада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев пен Кюрасао қаржы министрі Хавьер Сильвания бейне-конференц байланысы (Zoom) арқылы келіссөздер өткізілді, тараптар онлайн-казинолардың заңсыз қызметімен күресу мәселелерін талқылады. Келіссөздер Қазақстан букмекерлер өзін-өзі реттеу ұйымының басшысы Ғалымжан Дуамбековтың көмегімен ұйымдастырылды.

«Қазақстанда құмар ойын индустриясы лицензияланатын қызметтің 4 түріне бөлінген – бұл оффлайн казинолар, ойын автоматтары залдары, букмекерлер және тотализаторлар. Қазақстанда онлайн-казинолардың қызметіне заңмен тыйым салынған. Дегенмен, осыған қарамастан, қазіргі уақытта Қазақстанда заңсыз әрекеттермен айналысатын көптеген онлайн казинолар жұмыс істейді. Бұл ретте кейбір онлайн-казинолар өз қызметінде юрисдикциясы Қазақстан Республикасының аумағына жатпайтын Кюрасао лицензиясына сілтеме жасайды», - деді Ержан Еркінбаев.

«Мен мұны тек сіздердің проблемаларыңыз деп санамаймын, бұл біздің де мәселеміз – ортақ мәселе. Біздің алдымызда тура осындай міндет тұр – өз құзырымыздың атын жамылған түрлі кәсіпкерлік субъектілерінің заңсыз әрекеттерімен күресу. Біз бұл компаниялардың біздің юрисдикциямызды пайдалана отырып, заңды қалай бұзып жатқанына сабырмен қарамай алмаймыз», - деді Хавьер Сильвания.

Конструктивті келіссөздер мен заңсыз кәсіпкерлікпен күресудің практикалық аспектілерін талқылаудан кейін тараптар Қазақстандағы онлайн-казинолардың заңсыз қызметімен күрес саласында тығыз ынтымақтастықтың қажеттілігі туралы ортақ түсіністікке келді. Қол жеткізілген келісімдер Қазақстанның құмар ойын бизнесінде заңдылық пен адалдықты нығайтуға ықпал ететіні айтылды.

Келісімдердің шеңберінде екі тарап Кюрасао юрисдикциясының Қазақстан аумағындағы әртүрлі бизнес құрылымдарының заңсыз әрекеттерімен күресуде ақпарат пен деректердің тиімді алмасуын жеңілдететін өзара түсіністік туралы меморандум әзірлеуге және оған қол қоюға ниет білдірді.

Сонымен қатар, екі мемлекеттің министрлік өкілдері қос ел арасындағы осы саладағы серіктестіктің жалғасын тауып, дамитынына сенім білдірді.