2023 жылғы 31 наурызда Мәдениет және спорт министрлігі, «Kazakh Tourism ҰК» АҚ және «Атамекен» ҰКП креативті индустрия салаларын дамытуға арналған НҚА жобаларын талқылауды өткізді.
Іс-шараға Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары Нұртас Кәріпбаев, «Атамекен» ҰКП Туризм департаментінің басқарушы директоры – Дамиля Құнанова, «Kazakh Tourism ҰК» АҚ креативті туризм департаментінің директоры Ирина Харитонова, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Экономикалық секторларды дамыту департаменті директорының орынбасары Лаззат Бишенова, жергілікті атқарушы органдар мен шығармашылық салалардың өкілдері қатысты.
Үкімет тапсырмасымен Мәдениет және спорт министрлігі креативті индустрия салалары бойынша жеке заң жобасын әзірлеуге кірісті. Бүгін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне креативті индустрияны қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына (бұдан әрі – КРС) Консультативтік реттеу саясатының құжаты талқылауға шығарылды. КРС – заң шығару қызметінің 1-ші кезеңі.
Құжат ашық құқықтық актілер порталында орналастырылған, құжатты талқылау 2023 жылдың 11 сәуіріне дейін өтеді.
Құжаттың негізгі тармақтары Креативті индустрияны қолдау қорын құру, сондай-ақ мәдениет және өнер саласындағы мемлекеттік меншікке креативті қоғамдастықтың қолжетімділігін жеңілдету. Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы («Халық бірлігі мен жүйелі реформалар – еліміздің өркендеуінің берік негізі») аясында берілген Креативті индустрияны дамыту қорын құру туралы тапсырмасы Қорды құрудың негіздемесі саналады.
Бұл ретте КИД «2021-2025 жылдарға арналған креативті индустрияны дамыту тұжырымдамасында» белгіленген мақсаттар мен міндеттерді ескере отырып жүзеге асырылатын болады.
Осы КРС-та көрсетілген мәселерді шешу мақсатты топтарға, атап айтқанда зияткерлік қызметке негізделген шығармашылық салалар саласында жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне, креативті индустрия салалары (қауымдастықтар, одақтар) саласында, КИ саласында қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғаларға (өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға), тұлғалардың бірлестіктеріне оң әсер етеді.
«ҚДР мүдделі мемлекеттік органдармен келісімге келгеннен кейін Министрлік Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне, «Мәдениет туралы», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелерін одан әрі зерделеу үшін Жұмыс тобын құрады. - деді Нұртас Кәріпбаев.
Айта кетерлігі, министрліктің салық жеңілдіктері, меценаттарға арналған преференциялар және басқа да көптеген нормалар бойынша ұсыныстары бұрын ҚР Ұлттық экономика министрлігі тарапынан қолдау таппады және отырыс барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Экономикалық секторларды дамыту департаменті директорының орынбасары Лаззат Бишенова былай деп түсіндірді:
«Жеке тұлғаларға арналған арнайы салық режиміне келетін болсақ, бұл жерде біз қарсымыз. Бізде қазірдің өзінде өте ашық салық жүйесі бар. Бізде шағын және орта бизнес үшін де өте ашық салық режимі бар».
Сондай-ақ, талқылау аясында күн тәртібіндегі екінші мәселе, яғни «Жеке кәсіпкерлік субъектілерін креативті индустрия саласы субъектілеріне жатқызу критерийлерін бекіту туралы» жоба қаралды.
Бизнес-қоғамдастық қордың ұйымдық-құқықтық нысаны, салық салу, авторлық құқық, брендті инкубациялау, шығармашылықпен айналысатын кәсіпкерлердің қажеттіліктері үшін мемлекеттік мүлікті алу, іріктеу критерийлері қандай болады және басқа да мәселелерге қатысты сұрақтар қойды.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне креативті индустрияны қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына нормативтік-құқықтық саясат жөніндегі консультативтік-кеңесші құжат egov open құқықтық актілер сайтында орналастырылған.
Пікір мен ескертулерді 11.04.2023 дейін жіберуге болады.