Визалық көші-қон порталына қолжетімділікті қалпына келтіру және электрондық визаларды беру процесі туралы

Визалық көші-қон порталына қолжетімділікті қалпына келтіру және электрондық визаларды беру процесі туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасына келетін шетелдік азаматтардың, сондай-ақ шетелдіктерді қабылдайтын азаматтардың назарына осы жылдың 13 маусымынан бастап vmp.gov.kz визалық-көші-қон порталына қолжетімділік және 109 мемлекеттің азаматтары үшін электрондық визаларды ресімдеу қалпына келтірілгендігі туралы хабарлайды.

Бір мәртелік электрондық визаларды беру Қазақстан тарапының шақыруы негізінде мынадай санаттар бойынша жүзеге асырылады:

  • В1, В2, В3 іскерлік;
  • В12 туристік;
  • С12 емдеу үшін.