Оманда ҚР азаматтары үшін визасыз режим ашылды

Оманда ҚР азаматтары үшін визасыз режим ашылды

Оман Үкіметі Қазақстан Республикасын визасыз кіру режимі орнатылған елдердің тізіміне енгізді.

ҚР азаматтары Оманға визасыз 14 тәулікке дейін бара алады. Егер ҚР азаматтары Оманға 14 тәуліктен астам мерзімге сапар жоспарлаған жағдайда, олар тиісті санаттағы визаны ресімдеуге міндетті.

Бірінші топтағы елдер тізіміне АҚШ, Еуроодақ елдері, Канада, Австралия, Жапония, Оңтүстік Корея және Сингапур кіреді. ТМД елдерінен тек Қазақстан мен Ресей.