Kazakh Tourism екіжақты серіктестік Kids Go Free бағдарламасына қатысуға ниет білдірген отандық туроператорларды қолдауға бағытталғанын хабарлайды.
Әуе және теміржол билеттерін сатуда үздік агрегатор Aviata.kz туроператорларға Kids Go Free бағдарламасы бойынша икемді шарттарды ұсынуда.
Ынтымақтастық аясында туроператорлар бірқатар қосымша артықшылықтарға ие болады:
- Aviata.kz – Қазақстанның әуе саяхаты нарығындағы үлкен аудиториясы бар ең ірі бренд;
- Сервистің жеке аудиториясы да бағдарламаға қызығушылық танытады және оны сатып алуға дайын;
- Бренд өз тарапынан Kids Go Free бағдарламасын ілгерілетуге инвестиция салуды бастайды. Айта кетейік, бағдарламаға қызығушылық танытушылардың саны күн өткен сайын ұлғайып отыр.
«Биыл ел тарихында алғаш рет туризм саласын мемлекеттік қолдау бағытында ерекше шаралар ұсынылды, оның ішінде қазақстандықтарға балалар әуе билеттерімен тегін саяхаттауға мүмкіндік беретін Kids Go Free отбасылық туризм бағдарламасы да бар», -дейді Kazakh Tourism ҰК АҚ Басқарма төрағасыТалғат Аманбаев.
Еске сала кетейік, Kids Go Free бағдарламасының басты шарты мынада: Туроператорлар барлық әуе билеттерді бастапқыда өз есебінен төлейді, және де оларға тур аяқталған соң өтінім негізінде балаларға арналған әуе билеттер құны өтеледі. Туристердің өтініші бойынша туроператорлар басқа да қызметтерді қосымша ұсына алады.
«Біз туристік нарықтан бағдарлама бойынша ұзақ мерзімді өтеу туралы пікір алып, осы мәселенің нарықтық шешудің нұсқаларының бірін әзірледік. Aviata.kz компаниясы турбизнестің Kids Go Free бағдарламасына қатысуға білдірген бастамасын қолдап, әуе билеттерді ұсынуда өз қызметін көрсетуге дайындығын білдірді», - деді Талғат Аманбаев.
Осы мақсаттар үшін Aviata.kz агрегаторы өз платформасы аясында Kids Go Free бағдарламасы бойынша туроператорларға өз турларын орналастыруға, ал туристер өтінім қалдырған кезде балалар билеті үшін ақы төлемей турды сатып алуға мүмкіндік беретін арнайы парақшаны ашты (https://aviata.kz/tours/kgf?utm_source=media&utm_medium=kazakh_tourism&utm_campaign=kgf).
Aviata.kz-пен ынтымақтастыққа мүдделі туроператорлар tours@aviata.me поштасы арқылы өтініш бере алады.
Бүгінгі таңда Kids Go Free бағдарламасымен 17 туроператор ресми түрде жұмыс істейді. Компаниялардың тізімі және туроператорларға арналған бағдарламаға қатысу шарттарын көрсетілген сілтеме бойынша табуға болады https://qaztourism.kz/kz/press-center/all/381/