Бүгін Сарыағаш қаласындағы әйгілі «Сарыағаш» курортында «Шипажай-2021» VI Халықаралық ғылыми-практикалық форумы өтті.
2021 жылы оңалту процесінің сапасы мен тиімділігі мәселелеріне арналған жыл сайынғы «Шипажай» халықаралық ғылыми-практикалық форумының өткізілуі символдық мәні бар, өйткені 2021 жыл – әрбір қазақстандықтың өміріндегі ерекше кезеңді бейнелейтін жыл, бұл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жылы.
Министрліктің Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдос Сакенов құттықтау сөз сөйледі.
Өз сөзінде ол санаторийлік-курорттық ұйымдардың қызметі туризм саласы мен денсаулық сақтау саласы мүдделерінің тоғысында екенін, осыған байланысты бүгінгі күні Қазақстанның табиғи, климаттық және емдік ресурстарға бірегей өңірлерін дамытудың маңызды міндеті санаторийлік және туристік кешендерді құру негізінде сапалы емдік-сауықтыру қызметтерін көрсету жөніндегі ұсыныстарды ұлғайту , оларда денсаулықты қалпына келтіру және ойын-сауық іс-шаралары мен әсер алу теңгерімі сақталатынын атап өтті.
Форум шеңберінде «Курорттық медицина: ковидтан кейінгі қалпына келтіру, медициналық оңалту, алдын алу» конференциясы, «Санаторий-курорттық салада бірегей табиғи емдік ресурстарды пайдаланудың жаңа жолдары» семинары және «Санаторий жағдайындағы қалпына келтіру технологиялары: инновациялық тәсілдер» мастер-класс өткізілді.
Форумның осындай форматын жыл сайын өткізу осы саладағы жарқын оқиға болатыны және туристік саланың одан әрі дамуына өз үлесін қосатыны сөзсіз.