Сауд Арабиясы Корольдігімен туризм саласын дамыту мәселелері Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен екіжақты кездесуде талқыланды

Сауд Арабиясы Корольдігімен туризм саласын дамыту мәселелері Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен екіжақты кездесуде талқыланды

ҚР МСМ Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдос Сәкенов Қазақстан Республикасындағы Сауд Арабиясы Корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Абдулла Алдаудпен туризм саласындағы екіжақты қарым-қатынастарды талқылады.

Пандемияға байланысты әлемде қалыптасқан жағдайға қарамастан, Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы арасындағы Туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту және нығайту мәселелері күн тәртібінің басым бағыттары болып қала береді.

Жыл сайын 10 мыңнан астам қазақстандық умра жасау мақсатында мұсылмандар үшін қасиетті Мекке және Медина қалаларына келеді. Қазақстан үшін 2019 жылы қажылыққа 3,2 мың адам көлемінде квота бөлінді.

Өз кезегінде Kazakh Tourism ҰК АҚ төрағасы Ержан Еркінбаев туризм саласында ынтымақтастық орнатуға және қажетті материалдармен алмасуға дайындығын білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.