Министр Rey Group компаниясының Президентін қабылдады

Министр Rey Group компаниясының Президентін қабылдады

Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Швейцарияның Rey Group компаниясының Президенті Кристиан Рей-де Руддермен жүздесті. Сонымен қатар екі жақты басқосуға Қазақстанның Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әлібек Бақаев қатысты.

Тараптар еліміздегі қонақүйлерді жіктеудің заманауи стандарттарын әзірлеу және енгізу жайын талқылады. Кристиан Рей-де Руддер Қазақстандағы қонақ үйлерді жұлдыздар жүйесі бойынша жіктеу және жаңа стандарттарды әзірлеу, құру және енгізу бойынша тәжірибе алмасуға, өз нұсқасын ұсынуға дайын екенін жеткізді.

Айта кетейік, еліміздегі қонақ үй индустриясының халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында 2019 жылғы қарашада Kazakh Tourism Ұлттық компаниясы АҚ мен Rey Group еншілес компания Swiss Choice Holding SA арасында әріптестік туралы Меморандумға қол қойылған. Аталған Меморандумды іске асыру үшін тараптар жоғарыда аталған бастамаларды пысықтау үшін Жол картасын әзірлеу және оған қол қоюға келісті.