Түркия мемлекетіндегі эпидемиологиялық жағдайға қатысты

Түркия мемлекетіндегі эпидемиологиялық жағдайға қатысты

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Түркия Республикасында COVID-19 жұқтырғандар саны тәулігіне 50 000-нан асып, елде қолайсыз эпидемиологиялық жағдай қалыптасқандығы туралы хабарлайды.

Осыған байланысты, Қазақстан азаматтарынан жағдай тұрақталғанға дейін аталған елге барудан бас тартуды сұраймыз. Саяхат жасаған жағдайда, эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын барынша сақтауды, қонақүй аумағынан кетпеуге және адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болуды сұраймыз.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Бас санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 13 қаулысына сәйкес, шет елден Қазақстан аумағына ұшар алдында ПТР-тестілеу анықтамасы жоқ жолаушыларды ұшақ бортына отырғызуға жол берілмейтінін хабарлаймыз.