Дастан Рыспеков Орталық Азия елдері арасында туризмді дамытуға арналған дөңгелек үстелге қатысты

Дастан Рыспеков Орталық Азия елдері арасында туризмді дамытуға арналған дөңгелек үстелге қатысты

26 ақпанда бейне байланыс форматында Орталық Азия елдері арасында туризмді дамытуға арналған өңірлік виртуалды дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараны Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы туризмді дамыту комитеті ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге Орталық Азия елдерінің туристік секторының мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.

Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков «Қазақстан Республикасының туристік әлеуеті және 2021 жылға арналған жоспарлар» тақырыбында баяндама жасады.

Сонымен қатар, Орталық Азия елдері арасындағы Туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселесі бойынша талқылау барысында қатысушылар өңірлік дамуды басқару жүйесін құру қажеттілігі, «Алтын сақина – Орталық Азия» бойынша жоспарды іске асыру, Ұлы Жібек жолының туристік маршруттары бойындағы инфрақұрылымды дамыту, өңірлік бренд құру, Орталық Азия елдерінің туризм жөніндегі кеңесін құру және т. б. сияқты бастамаларды ұсынды.

Айта кету керек, әйгілі американдық-австралиялық Lonely Planet нұсқаулығы Орталық Азияны туристік сапарлар үшін тартымды аймақ ретінде таңдады. Онлайн-сервис саяхатшыларға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстанға баруды ұсынады.