Халықаралық сараптамалық кездесуде Каспийдегі туристік жобаларды жүзеге асыру саласындағы өңірлік ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды

Халықаралық сараптамалық кездесуде Каспийдегі туристік жобаларды жүзеге асыру саласындағы өңірлік ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды

5 ақпанда бейнебайланыс форматында «Каспийдегі туристік жобаларды іске асыру саласындағы өңірлік ынтымақтастықтың мүмкіндіктері» атты халықаралық сараптамалық кездесу өтті.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Астраханьдағы Бас консулдығы мен Астрахань облысының халықаралық байланыстар Агенттігінің қолдауымен «Каспий-Еуразия» халықаралық және қоғамдық-саяси зерттеулер орталығы ұйымдастырды.

«Астрахань-Қазақстан» телекөпіріне Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік билік органдары, туристік бизнес, БАҚ және азаматтық сектор өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы Комитетінің халықаралық ынтымақтастық және инвестицияларды тарту басқармасының басшысы Мирас Төлебаев және Астрахань облысының туризм және Мәдениет министрінің туристік қызметті дамыту жөніндегі орынбасары Татьяна Порублева кіріспе сөз сөйледі.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты Еділ Жаңбыршин "Туризм Каспий маңы аймағының әлеуметтік-экономикалық өсуінің драйвері ретінде" тақырыбында баяндама жасады.

Астрахань облысының өкілдері Қазақстан тұрғындарын қызықтыратын көптеген туристік нысандардың бар екендігін атап өтті – бұл Құрманғазы кесенесі және ұлы қазақ ақынының мәдени орталығы, Бөкей хан кесенесі-қазақстандық туристер үшін киелі орын, бірегей сәулет ескерткіштері, бай мұражай жинақтары, Еділ бойының ең ірі сурет галереясы.

Круиздік туризмді дамыту туралы айта келе, Татьяна Порублева «Ұлы Петр» лайнері дайын екенін және қазіргі уақытта Каспий серіктестері ұсынған бағыттар бар екенін атап өтті. Өз кезегінде қазақстандық тарап Ақтау қаласын жобаның туристік бағыттарының біріне қосуды ұсынды.

Айта кету керек, тартымды туристік объектілер, аумақтардың орналасу жақындығы және бірегей мәдени және әлеуметтік-экономикалық байланыстар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясына туризм саласындағы ынтымақтастық үшін кең мүмкіндіктер береді.