Туризм саласын цифрландыруда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді

Туризм саласын цифрландыруда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді

2020 жыл бүкіл әлем елдерімен бірге біздің еліміз үшін де сынаққа толы кезең болды.

Әсіресе туризм орасан зор шығынға ұшыраған салалардың біріне айналды.

Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова еліміздің туризм саласы бойынша бір жылда атқарылған жұмысты қорытындылай  келе аталған сала бойынша алда тұрған міндеттер мен жоспарларды нақтылады.

«Пандемияға қарамастан көптеген елдер бүгіннен  бастап карантиндік шаралар аяқталғаннан соң туристер тарапынан күтілетін сұраныстарға дайындықты бастады. Сала мамандары, шекаралар қайта ашылып, саяхаттауға мүмкіндік туған бойда мұндай ұзақ кідіртуден соң туристер  бірден жол сөмкелерін дайындайды деп отыр. Сондықтан біз бұл кезеңге дайын болуымыз қажет.

Еліміз үшін туризм саласы экономиканың шикізаттық емес секторын дамытудың белсенді бағыты ретінде танылған және жеті ұлттық басым кластерге кіретін маңызды сала. 2019 жылы қабылданған 2019-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының туризм индустриясын дамытудың мемлекеттік бағдарламасының мақсаты - туризмнің елдің ЖІӨ-ге қосатын үлесінің 8%-на қол жеткізу, елімізге 9 миллионнан астам келушілерді тарту және ішкі туристердің санын 8 миллион адамға жеткізу.  Салада 200 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда. Қазіргі дағдарысқа қарамастан, аталған мақсаттар өзгеріссіз сақталып отыр.

Бүгінде біз бірқатар елдердің карантиндік шаралардың жұмсаруына орай халықаралық туристерді тарту бойынша белсенді жұмыс істеп жатқанына күәміз. Туризм индустриясы комитетінің ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта Мальдив аралдары мен Шри-Ланка, Египет, Түркия және басқа да ыстық елдерге туристік жолдамалар жоғары сұраныспен сатылып жатыр.

Бұл дағдарыс кезеңінде де жүргізіп жатқан жұмыстарды тоқтатпау және ішкі және халықаралық нарықтарда Қазақстандағы туризмді маркетингтік ілгерілетуге қолдау көрсетуді жалғастыра беру маңызды екенін көрсетеді. Әрине, Қазақстан әлемде туристік бағыт ретінде толығымен таныла қойған жоқ. Міне сондықтан да туристік аренада өз орнымызды қалыптастыру үшін, туристер сүйіп саяхттайтын мекенге айналу үшін де жарнамалау және ілгерілету жұмыстарын тоқтатпауымыз керек»,-деді Ақтоты Райымқұлова.

Kazakh Tourism ҰК АҚ - бұл Мәдениет және спорт министрлігінің арнайы құрылған құрылымы, оның міндеттерінің бірі ел туризмін маркетингтік сүйемелдеу және ілгерілету.

Е. Еркінбаев аталған ұйымның бюджеті биыл қысқаруына қарамастан, компания министрлік алға қойған мақсаттар мен міндеттерді толық орындап, ілгерілету мен цифрландыруда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгенін айтты.

«Kazakh Tourism ҰК АҚ АҚ бюджеті 1,5 млрд теңгені құрайды, оның 893 млн теңгесі ілгерілету мен цифрландыруға бағыталды.

Туристік әлеуетті жарнамалау мен ілгерілетудің маңызды элементі - бұл контент, атап айтқанда бейнематериалдар. Сапалы бейнеклиптің көптеген артықшылықтары бар және бүгінде бұл маркетингтің тиімді құралы болып отыр. Бейнематериалдар тұтынушымен байланыс орнатуға, ақпаратты ұтымды жеткізуге және де біздің елде саяхаттауға шабыттандырып, белсенді қадамдар жасауға септігін тигізеді.

Біздің мамандар жүргізген талдау нәтижесі бойынша, танымал YouTube платформасында Қазақстан туралы бейнематериал көп болғанымен, олар әлемдік жарнамалау секторындағы сапа мен стандарттарға сәйкес келмейді. Бұл бізді Қазақстанның туристік әлеуеті туралы тұтас бейнежазбалар сериясын шығаруға түрткі болды.

Алдымен біз YouTube желісінде Қазақстандық туризм туралы ақпарат беретін өз арнамызды іске қостық, онда ең сапалы бейнероликтерді жариялап, оны өзге де ресми әлеуметтік желілер мен сайттармен және www.kazakhstan.travel ұлттық туристік порталымен байланыстырдық. Қолданушының бір сайттан екінші сайтқа өтуі мультипликативті әсер етіп, контентті көрушілер санын арттыруға зор мүмкіндік берді.

2020 жылы Қазақстанның туристік картасының ТОП-10-ына енгізілген бағыттардың туристік әлеуеті туралы 10 бейнефильм дайындалды. Олар: Нұр-Сұлтан, Түркістан, Маңғыстау, Алматы облысының тау кластері, Алакөл және Балқаш көлдері, Щучинск-Бурабай, Имантау-Шалқар және Баянауыл курорттық аймақтары, Байқоңыр ғарыш айлағы. Бүгінде бейнероликтер Kazakh Tourism ҰК АҚ-ның және өңірлік туристік ақпараттық орталықтардың YouTube, Facebook, Instagram, Telegram-дағы ресми аккаунттарында жарияланды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының шет елдердегі елшіліктеріне және облыстық әкімдіктерге жіберілді.

Аталған видеороликтер серіктестердің, блогерлердің және Ресейдегі және Қазақстанның танымал тұлғаларының әлеуметтік желілерінде орналастырылып, Youtube желісіндегі ресми арнада аталған бейнежазбаларды 30 мыңнан астам қолданушы қараған.

Youtube ресми каналынында ТОП-10 туралы бейнежазбалардың қаралу саны 5 айда 30 мыңнан асты. 2021 жылы бұл көрсеткіш еліміздің туристік аймақтарының танымалдығын арттыруда жақсы серпін береді деп сенеміз.

Бұдан бөлек Қазақстан туралы Travelstan ролигі PATAGoldAwards байқауында «Үздік тревел-видео» номинациясында жеңімпаз атанды. PATA Gold Awards марапаттау рәсімі PATATravelMart бағдарламасының бір бөлігі болып табылады, оның мақсаты Азия-Тынық мұхиты өңірінің туризм индустриясының көрнекті өкілдерін тану болып табылады. 1984 жылы құрылған PATАGoldAwards гранттарына ие болған жобалар салада сапа мен инновацияның стандарттарын белгілеп, өзгелерге үлгі болып келеді. Жеңімпаз атанған қатысушылар әлемдік БАҚ-та жариялануға мүмкіндік алады.

Divo Eurasia байқауында «Біз қайда ұшып барамыз?» бейнеролигі жоғары бағаланып, Гран-приді жеңіп алғанын да атап өткен жөн. Divo Eurasia - бұл Еуразия елдерінің туристік әлеуеті туралы түсірілген бейнематериалдар мен қысқа және анимациялық фильмдердің халықаралық туристік фестиваль-байқауы.

«СаяхатTime» бағдарламасы дайындалып, Республикалық «Хабар 24» телеарнасында көрсетілді. «СаяхатTime» телебағдарламасы - бұл қазіргі заманғы тенденциялар мен елдің туристік әлеуетін дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелері туралы бағдарламалар тізбегі. 2020 жылы 10 шығарылым түсіріліп, оны 3,2 миллионнан астам көрермен қараған»,-деді ол.

Айта кетейік, өткен жылы мүмкіндігі шектеулі жандарды тарта отырып, экотуризмді ілгерілету және табиғатқа ұқыпты қарауды насихаттау мақсатында «Мәдени туризм» жобасы іске асырылды. Жоба «Бүгін біз табиғатты сақтасақ - ертең табиғат бізді сақтайды!» ұранымен ұйымдастырылды. Түсірілген 5 әлеуметтік бейнеролик қазақстандық аудитория арасында 10 млн қаралым жинады. Бүгінде аталған бейнероликтер ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі арқылы республикалық телеарналарда көрсетіліп отыр.

«Сондай-ақ, «Орел и решка. Чудеса света» деп аталатын танымал телебағдарламаның түсірілімін Алматы және Маңғыстау облыстарында ұйымдастырдық. Бүгінде бағдарламаны қараған ғаламтор қолданушыларының саны 70 млн-нан асты. Аталған бағдарлама Ресей, Украина, Қазақстан және өзге де орыс тілді мемлекеттерде жоғары танымалдыққа ие болып, «Пятница», «Новый канал» телеарналары мен Youtube желісінде таратылады.

French Connection Films француздық продакшні еліміздің көрікті де сұлу табиғи орындары туралы деректі фильмін түсірді. Фильмнің екінші бөлімінің түсірілімі 2021 жылдың шілдесінде жоспарланып, 2021 жылдың қыркүйек-қазан айларында жарияланады. Деректі фильм Еуропа мен Африка елдерінде француз және неміс тілдерінде Arte TV және Ushuaia TV телеарналарында көрсетіледі. Бұл ретте шетелдік аудиторияны қамту саны миллионнан асатын болады.

Қазақстанның туристік әлеуетін арттыру мақсатында Kazakh Tourism ҰК АҚ Instagram Facebook, Wechat, Google, Ютуб, Яндекс, Facebook, Instagram, Weibo әлеуметтік желілерін пайдалана отырып, бірқатар жарнамалық науқандар ұйымдастырды. Осылайша, қазақстандық аудиторияға қатысты жалпы 17.7 млн адамды қамтыған 2 жарнамалық науқан жүзеге асырылды. Еуропа елдерінің (Франция, Испания, Германия, Италия) туристеріне бағытталған  2 жарнамалық науқаны жалпы саны 5.6 млн адамды қамтыса, Қазақстанның қытайлық Weibo және Wechat әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарына 3.7 млн адам жазылған.

Көптеген елдер енгізілген карантин жағдайларына байланысты дәстүрлі кәсіби көрмелер мен конференциялардың форматтарын өзгертуге мәжбүр болды. Бір жыл бойы халықаралық онлайн платформалар сәтті қолданылды.

Осы ретте Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін насихаттауға бағытталған кәсіби «Ресей-Қазақстан» онлайн-көрмесі жүзеге асырылғандығын атап өткен жөн. Бұл іс-шара аясында екі елдің туристік индустриясы мамандарына арналған төрт күндік онлайн-тренинг өткізілді.

Сондай-ақ, 2020 жылы Kazakh Tourism ҰК АҚ ел әлеуетін дамытуға және ілгерілетуге бағытталған көптеген онлайн көрмелер мен конференцияларға да қатысты. Соның ішінде Рata Dream to Travel Festival, Virtual PATA Travel Mart 2020»онлайн көрмесіне және әлемдегі ең ірі IMEX 2020 іскерлік туризм көрмесіне қатысты. World Tourism Forum, ICCA 2020 дүниежүзілік конгресі мен Websummit 2020, «Дүниежүзілік технологиялық саммиті» және World Cob Virtual Summit 2020 (Bizz Award) серіктестік іс-шараларына да белсене қатысты. Аталмыш шаралаға қатысу шеңберінде туроператорлармен, бизнес өкілдерімен және Қазақстанға MICE іс-шараларын тарту бойынша халықаралық іс-шаралардың әлеуетті ұйымдастырушыларымен 100-ден астам кездесу өткізілді»,-деді  Е. Еркінбаев.

Еліміздің әлемге танылуын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде бірқатар ірі шетелдік ақпараттық басылымдар Қазақстанды саяхаттау үшін қолайлы бағыт ретінде атап өткен болатын.

Қазақстан Lonely Planet жаһандық баспасының нұсқасы бойынша «Қауымдастықтар» санатында «Үздік қонақ үйлер» номинациясын жеңіп алды. Баспа үйі – туристік нұсқаулықтарды шығаруға мамандандырылған алғашқы ресми ақпарат көзі. LonelyPlanet.com платформасына саяхат, кеңес және ойын-сауық туралы мәліметтер алу үшін ай сайын 13 миллион адам кіреді. Бұл платформаның негізгі аудиториясы 18-34 жас аралығындағы білімді және белсенді азаматтарды құрайды.

Француздық Le Figaro басылымы Қазақстанды 2021 жылы саяхаттауға ұсынылған 21 бағыт тізіміне енгізді.

Британдық әйгілі The Guardian басылымының оқырмандары ең үздік саяхаттайтын орындардың тізімін жасады, оған Қазақстан да кірді.

Британдық Backpacker қоғамы тәуелсіз және белсенді саяхатты ұнататындар үшін 2020 жылы сапар шегуге тиісті елдердің рейтингісінде Қазақстанды must visit елдердің арасында 5-ші орынға жайғастырды.

Беделді Gulf News басылымының хабарлауынша, Үлкен Алматы көлі БАӘ тұрғындары үшін ТОП-5 бағытқа енгізілген.

Ресейдің ірі РИА агенттігі Қайыңды көлін әлемдегі ең әдемі таулы көлдер тізіміне қосты.

Британдық Telegraph басылымы 2020 жылы Қазақстанды «қарқынды дамып келе жатқан туристік бағыт» деп белгіледі.

Борат-2 кинокартинасының шығуына байланысты Kazakhstan. Very Nice! PR кампаниясы ұйымдастырылды. Видеоролик шетелдік аудиторияда жоғары танымадыққа ие болып, 1 млрд. астам көрермен қарады. Нәтижесінде, Қазақстанның тур әлеуеті туралы ақпарат кеңінен таралып, жарнамалық кампания Голливуд жұлдыздарының әлеуметтік парақшалары мен New York Times, The Guardian, CNN және басқа да көптеген әлемдік БАҚ-тарда жарияланды.

Бүгінгі таңда www.kazakhstan.travel Ұлттық туристік порталы үздіксіз жұмыс істейді. Портал 7 тілде (қазақ, орыс, ағылшын, сондай-ақ француз, неміс, қытай және корей) өңіріміздің туристік әлуеті туралы толық ақпарат бере отырып, еліміздегі көрнекті тур объектілер туралы мәліметтер ұсынады.

Туристерге арналған бөлімде туристік маршруттар, бағдарламалар, көрікті жерлер туралы шабыттандыратын мақалалар мен іс-шаралар күнтізбесі жарияланған. Бизнес өкілдері, турагенттіктер, гид-экскурсоводтар және қолөнершілер  мұнда өзі ұсынатын қызметтер тізімдерін енгізе алады. Жыл басынан бері порталды 270 мыңнан астам адам қолданған, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 144%-ға көп. Жүргізілген талдау нәтижелері порталға кірушілердің саны күніне 1700-2000 адамға дейін өскенін көрсетті. Одан бөлек Google және Яндекс іздеу жүйелеріндегі негізгі сұраулар бойынша порталдың позициясы ТОП 5-ке көтерілді.

Алтын Орданың 750 жылдығын мерекелеу аясында https://altynorda.kazakhstan.travel модулі іске қосылды. Іс-шараның мақсаты – отандастарымыз бен шетелдік аудиторияны қазақ халқының тарихымен, XIII-XV ғасыр аңыздары және дәстүрлері, сонымен бірге Ұлытау тарихы, Алтын Орданың сәулет ескерткіштерімен таныстыру болды. Модуль іске қосылған сәттен бастап оған қызығушылық танытқан оқырмандардың саны 10 мыңнан жетті. Ілгерілету жұмыстарының нәтижесінде қолданушылардың саны 16 мыңнан асты.

Е. Еркінбаев туризм нарығында еңбек ететін сала мамандарымен өзара қарым-қатынас нығайтылып, жаңа цифрлық құралдарды енгізуге көп көңіл бөлінгендігін де атап өтті.

«Атап айтатын болсақ, туристік нарық өкілдеріне арналған «Туризм онлайн» онлайн-платформасы әзірленді. «Туризм онлайн» платформасы сала белсенділері арқылы туристік экожүйені қалыптастыруға бағытталып отыр. Аталмыш платформа туризм саласындағы маңызды ақпараттар мен барлық қажетті мәліметтерді алуға және форум, чат-бот және вебинарлар көмегімен туризм саласындағы соңғы трендтермен алмасуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда 3000-ға жуық адамның қатысуымен 50 тақырып талқыланды, ал вебинарлар жазбасын қарау саны 35 000-нан асты. Форумға Қазақстаннан бөлек ТМД елдерінің азаматтары да  қатысуға мүмкіндік алды. Бұдан бөлек, мұнда 10 жарияланым, 5 travel-дайджест, 7 жаңалық және 5 вебинар қосылды.

Өткен жылдан бастап Kazakh Tourism ҰК АҚ -да Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің жобалық кеңсесі ашылды. Мемлекеттік бағдарламаның жобаларын іске асыру барысында біз түрлі шараларды тез және тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жаңа құралдарды белсенді түрде енгізіп отырдық.

ViewProject жобаларын басқаруды автоматтандырылған ақпараттық жүйесі іске қосылды. Бұл жүйе жобаларды іске асыру процесін бақылауға және оларды мониторинг жасауға мүмкіндік береді. Жүйенің маңызды ерекшелігі жобаларды көп қабатты сандық картада визуализациялауында.

Статистикалық деректерді қолданушыға ыңғайлы түрде: графиктер, кестелер және т.б. бейнелеу мүмкіндігімен ұсынатын, туризм саласындағы статистиканы жинауға және өңдеуге арналған Tourstat.kz ақпараттық жүйесі жасақталды.

eQonaq ақпараттық жүйесі әзірленіп, енгізілуде. Бұл жүйе орналастыру орындарының бірыңғай тізілімін құруға, туристік ағын, туристер портреті және көші-қонды бақылау туралы мәліметтер жинауға және оны өңдеуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, жүйенің негізгі функцияларының бірі - шетелдік туристердің тоқтау орны туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне автоматты түрде хабарлайды.

Аталмыш жүйе 2020 жылдың қараша айында Нұрсұлтан және Алматы қалаларында тәжірибелік пайдалануға берілді. 01.11.2020-04.01.2021 аралығында жүйе 124 орналастыру орнындарына (қонақ үйлер, хостелдер, демалыс үйлері және т.б.) 2340 туристті тіркеген, оның 2183 туралы ақпартты «Көші-қон полициясы» АЖ жүйесіне (Smart Bridge платформасы арқылы интеграциялау) хабарлама жіберген.

eQonaq жүйесінің көмегімен келетін туристерінің саны мен елі,  олардың келу мақсаты туралы нақты ақпарат ала аламыз. Сонымен қатар, мұнда қонақ үйлер мен саяхаттаушлар көші-қон заңының талаптарын оңай орындай алады. Бұл туристердің ел ішінде еркін жүріп-тұруына, ал ҚР ІІМ мен ҚР ҰҚК еліміздің қауіпсіздігін толық бақылай алуына септігін тигізеді.

2020 жылдың қорытындысы бойынша Kazakh Tourism ҰК АҚ туристік әлеуетті ілгерілету мен дамыту бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары өз жемісін берді деп айтуға толық негіз бар. Қабылданған шаралар елді ішкі және шетелдік нарықтарда ілгерілету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру тәсілдерін қайта қарастыруға, ситуациялық маркетингті сапалы іске асыруға, сонымен қатар елдің туристік индустриясын одан әрі цифрландыруға негіз қалауға мүмкіндік берді»,-деді  Kazakh Tourism ҰК АҚ басшысы.

Сайып келгенде, бұл іс шаралардың барлығы шекаралар ашылып, туристердің «қай жерге саяхаттауға болады?» деген сұрағына жауап беріп, олардың Орталық Азияның інжу маржаны саналатын Қазақстанның әлемдік туристік картада ойып тұрып орын алатындығына көз жеткізуі үшін жасалғаны анық. Және осы бағытта жұмыстар жалғасын табатындығын айтты сала басшысы.