Қазақстан экотуризм бойынша көшбасшы болу мүмкіндігіне ие

Қазақстан экотуризм бойынша көшбасшы болу мүмкіндігіне ие

2019 жылдың мамырында туристік саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданған сәттен бастап экотуризмді дамыту жөніндегі жаңа бағыт қазірдің өзінде нәтиже беріп отыр. Қысқа мерзім ішінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі (МСМ) ең үздік әлемдік тәжірибе негізінде ұлттық парктерде туризмді дамыту бойынша жобаны әзірлеп, Премьер-Министрге және геология және табиғи ресурстар министрлігіне (ЭГТРМ) ұсынды. Бұл жоба қолдау тауып, оны іске асыру үшін жобалық басқарудың жаңа жүйесі іске қосылды. Нәтижесінде, Іле-Алатау паркіндегі визит-орталық негізінде ұлттық парктерде экотуризмнің жаңа форматы енгізілді. Осылайша, тек сақтау тірегіндегі "шектеулі" тәсілден, тұрақты даму негізінде "белсенді-жасампаз" тәсілге көшу ұтымды енгізіліп келеді.

Халықаралық тәжірибені кешенді зерттеу АҚШ ұлттық парктерінің тиімділігін көрсетті. Ондағы басқару жүйесі жалпы ауданы 34 млн.га, жыл сайын 330 млн. келуші келетін 61 федералдық ұлттық парктерді (Алтын Гейт, Шенандоа, Муир, Йосемит, Гриффит, Гранд Каньон және т. б.) қамтиды.

Осы тәжірибенің негізінде тұрақты туризм мен биоәртүрлілікті дамыту талаптарын сақтай отырып дамытуды көздейтін тұжырымдама әзірленді. Ұлттық парктердегі туристік ағындарды жүйелі дамыту туристердің табиғи көрікті жерлермен жанасуының алғашқы нүктелері болатын визит-орталықтар құру арқылы жүзеге асырылатын болады. Толыққанды туристік қызметтерді көрсету үшін қажетті туристік инфрақұрылым қамтамасыз етіледі: жүргіншілер үшін жайластырылған соқпақтар, шолу алаңдары, кемпинг пен глэмпингтер, тамақтану пункттері, авто-үйлерге арналған тұрақтар және т. б.мәселелер негізінде Ұлттық парктердің бас жоспарларына тиісті өзгерістер енгізілетін болады.

2019 жылы жүргізіліп жатқан жұмысты тиімді үйлестіру үшін МСМ ЭГТРМ-мен ұлттық парктер аумағында туристік қызметті дамыту жөніндегі бірлескен қызмет туралы шарттарға бастамашылық жасап, қол қойды.

Сондай-ақ, 2019 жылы "Kazakh Tourism "ҰК" АҚ, Алматы облысы және Алматы қаласы әкімдіктерінің базасында өңірдің бес ұлттық парктің аумағын қамтитын және МСМ, Алматы және Алматы облысы әкімдіктерінің және әрбір ұлттық парктің өкілдерін қамтитын Алматы тау кластерінде туризмді дамыту жөніндегі бірлескен жобалық кеңсе құрылды.

Қалыптасқан даму моделі инвесторларды тарту бойынша тиімді жұмысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2020 жылдың бірлескен жұмыстың нәтижесінде Іле-Алатау ұлттық паркінің Аюсай шатқалында тұрақты құрылыстың барлық стандарттары бойынша экологиялық материалдардан салынған алғашқы визит-орталығының ашылуы болды.

"Аюсай" визит-орталығы отандық өндірістің ағаш құрылымдарынан жиналған 3 модульден тұрады. Әр модуль 200 м2 құрайды, олардың негізі металл байланысы бар геошуруптар арқылы бетон қолданбай салынған, ал ғимараттың өзі толығымен ағаш пен шыныдан жасалған. Американдық технологияны қолдана отырып, жоба жеңіл дизайн түрінде жасалды. Бұл шешімдер арқылы, визит-орталық Аюсай шатқалының ландшафтымен үйлесім тапқан.

Сондай-ақ, экотуризмді дамыту жобасы аясында төрт жыл ішінде 155 шақырым жаяу жүргіншілер арналған соқпақтар жөнделіп, 17 жаңа жаяу жүргінші және велосипед сүрлеу жолдары ашылады. Сондай-ақ, 10 глэмпинг, 2 кэмпинг, 1 этноауыл және 1 керуен тоқтайтын орын салу жоспарланған.

Осылайша алдағы уақытта Алматы өңірінің ұлттық парктерінің аумағында 27 млрд. теңгеден астам жеке инвестициялардың күтілетін көлемімен осындай 13 визит-орталық салу жоспарланып отыр.

Туризмдегі өзгеріп жатқан трендтер табиғаттағы демалыстың жоғары әлеуеті. Оған дәлел ретінде экотуризм, агротуризм, керуен туризмнің белсенді дамуы. Қазақстан аумағының кеңдігі мен ұлттық табиғи парктердің көптігін ескере отырып, экотуризм бойынша өңірдің көшбасшысы болу мүмкіндігіне ие.