Дастан Рыспеков «Экологиялық сертификаттау рәсімдері және тұрақты туризмді басқару мәселелері - ұлттық деңгейдегі сын-қатерлер мен үміттер» атты дөңгелек үстел жұмысына қатысты

Дастан Рыспеков «Экологиялық сертификаттау рәсімдері және тұрақты туризмді басқару мәселелері - ұлттық деңгейдегі сын-қатерлер мен үміттер» атты дөңгелек үстел жұмысына қатысты

Бүгін Еуразиялық туризм қауымдастығы Еуропалық Одақтың «SwitchAsia» бағдарламасының «Орталық Азиядағы тұрақты туризмнің MOST - моделі: әлеуетті құру, ақпараттандыруды арттыру, технологияларды енгізу» жобасы шеңберінде ұйымдастырған «Экологиялық сертификаттау рәсімдері және тұрақты туризмді басқару мәселелері - ұлттық деңгейдегі сын-қатерлер мен үміттер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Сессия жұмысына туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков, сондай-ақ MOST жобасының бас үйлестірушісі Джиан Андреа Гаранчини және Еуразиялық туризм қауымдастығының президенті/MOST жоба менеджері Рысты Қарабаева қатысты.

«Қазақстанда тұрақты туризмді дамытуды ынталандыру» атты баяндамасында Д. Рыспеков ведомствоның еуропалық стандарттар негізінде Қазақстанда туризм индустриясының сапа жүйесін енгізу туралы жоспарларын атап өтті. Спикер орналастыру орындарының ағымдағы стандарттарының екі қағидатқа негізделген экологиялық менеджментке қойылатын талаптары бар екенін атап өтті: энергия үнемдеу және энергия тұтынуды қысқарту, әртүрлі ластану деңгейін бақылау және қысқарту. Туристік қызметтер көрсету сапасының жүйесін енгізу орнықты даму қағидаттарын назарға ала отырып, Қазақстанның туристік саласын дамытуды ынталандыруға мүмкіндік береді және оны дамытуға бағыт береді.

Сондай-ақ, Дастан Рыспеков  қатысушылардың назарын экологиялық білім беру (сауат) және қазақстандық әлеуметтік желілер сегментіндегі пайдаланушылар арасында тиісті мәдениетті тарату, ұлттық парктердің қызметін қайта форматтау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға инвестициялар тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға аударды.

Өз кезегінде Рысты Қарабаева MOST жобасы Грекия, Латвия, Өзбекстан және Тәжікстаннан келген серіктестермен жүргізіліп жатқанын атап өтті. Қарабаева қатысушыларды жобаның стратегиялық мақсаты экологиялық ақпараттандыруды қалыптастыру және 2022 жылдың соңына дейін Орталық Азияда тиісті тәжірибе мен технологияларды енгізу екенін айтты. Жобаға Қазақстанның, Өзбекстанның және Тәжікстанның туристік секторының 400 компаниясы, 30 мемлекеттік орган, 15 қауымдастық, сауда палаталары, делдал ұйымдар, сарапшылар мен кәсіпқойлар, туристік қызметтердің соңғы пайдаланушылары мен жергілікті тұрғындар қатыса алады.

Мұндай дөңгелек үстелдер Қазақстандағы тұрақты туризмді дамытудың жаңа мүмкіндіктері мен технологиялық шешімдерін зерделеуге қатысты бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы диалогты нығайту мақсатында 3 жыл бойы өткізіледі.