Мәдениет және спорт министрлігінің Kazakh Tourism ұлттық компаниясы АҚ жобалық кеңсесі екінші орын алды

Мәдениет және спорт министрлігінің Kazakh Tourism ұлттық компаниясы АҚ жобалық кеңсесі екінші орын алды

Мәдениет және спорт министрлігінің Kazakh Tourism ұлттық компаниясы АҚ жобалық кеңсесі Qazaqstan Project Management Awards 2020 байқауында екінші орын алды.

Бүгін мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджментті жетілдіруге бағытталған байқаудың қорытындысы белгілі болды.

Онлайн-конкурсты биыл 1 қыркүйекте ҚР президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы ҚР Премьер-министрі іс-басқармасының жобалық бақылау орталығының қолдауымен ұйымдастырды.

Байқаудың мақсаты - жобалық менеджментті қызмет барысында қарқынды пайдаланып жатқан мемлекеттік орган, ұйымдарды қолдау, сала қызметкерлерін ынталандыру.

Байқау үш номинация бойынша өтті: «Үздік жоба», «Үздік жоба менеджері» «Үздік жобалық кеңсе».

2019-2025 жылдарға арналған туризм саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыратын жобалық кеңсе Kazakh Tourism ұлттық компаниясы АҚ жанынан құрылған. Кеңсе «Үздік жобалық кеңсе» номинациясында бақ сынады.