Олжас Бектенов қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру бойынша тапсырма берді: туристерге көрсетілетін қызмет сапасына баса назар аударылады

Олжас Бектенов қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру бойынша тапсырма берді: туристерге көрсетілетін қызмет сапасына баса назар аударылады

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында туризм саласын одан әрі дамыту сервис сапасы мен қонақжайлылық деңгейін арттыру қажет екенін баса айтты.

«Туризм саласы қарқынды дамыған елдерде демалыс сапасы көбіне жайлы қонақ үйлермен немесе әралуан туристік бағыттармен, экскурсиялық бағдарламалармен ғана емес, келушілерге күнделікті қызмет көрсететін мамандардың кәсіби деңгейімен де айқындалады. Бұл жергілікті тұрғындардың қонақжайлық қасиетіне де тікелей байланысты.
Осы орайда, Туризм министрлігіне әкімдіктермен және туристік компаниялармен бірге өз жұмыстарында демалушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға баса назар аударуды тапсырамын.  Дәл осы қызмет көрсету сапасы туристік саланың тартымдылығына және еліміздің беделіне тікелей әсер етеді»,— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Жалпы үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жүктелді.

@KZgovernment