Имантау–Шалқар курорттық аймағы: Солтүстік Қазақстан облысында өңірдің туристік әлеуетін дамыту мүмкіндіктері талқыланды

Имантау–Шалқар курорттық аймағы: Солтүстік Қазақстан облысында өңірдің туристік әлеуетін дамыту мүмкіндіктері талқыланды

29 мамыр күні Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевтың қатысуымен Имантау–Шалқар курорттық аймағындағы туризмді дамыту мәселелеріне арналған кеңес өтті. Жиынға Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары  Жүсіп Жұмағұлов төрағалық етті.


Кеңес жұмысына сондай-ақ «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің, ZOLO Group компаниясының өкілдері және облыстық мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Кездесу барысында туристік инфрақұрылымды жетілдіру, инвестиция тарту және Имантау–Шалқар курорттық аймағының туристер үшін тартымдылығын арттыру мәселелері қаралды. Елдегі басым туристік бағыттардың бірі саналатын бұл өңірді одан әрі дамытуға бағытталған шараларға ерекше назар аударылды.

ZOLO Group компаниясының бас директоры Юлия Золотых туристік бағыттарды кешенді түрде дамыту және демалушыларға қолайлы әрі заманауи орта қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарын таныстырды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар өңірдің туристік әлеуетін толық ашуға және көрсетілетін туристік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыру мен өзара ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.