Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында кадр тапшылығын жою және адами капиталды дамыту мәселесіне ерекше назар аударды

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында кадр тапшылығын жою және адами капиталды дамыту мәселесіне ерекше назар аударды

Президент тапсырмаларын орындау аясында Туризм және спорт министрлігі білікті мамандарды даярлау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.

Бұл бағыттағы негізгі білім беру орталықтарының бірі – Халықаралық туризм және меймандостық университеті. 2025–2026 оқу жылында оқу орнында 3015 студент білім алуда, олардың 2733-і мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқиды.

Мамандарды даярлау 14 білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Оның 10-ы бакалавриат, 4-і магистратура деңгейін қамтиды. Бағдарламалар туризм, қонақ үй және мейрамхана ісі, экскурсиялық қызмет, спорт туризмі және ивент-менеджмент бағыттарын қамтиды.

Студенттер дуальды оқыту жүйесі арқылы теориялық біліммен қатар практикалық тәжірибе жинақтайды. Олар Қазақстанмен қатар Түркия және Біріккен Араб Әмірліктеріндегі жетекші қонақ үйлерде халықаралық тағылымдамадан өтуде. Сонымен бірге 66 тыңдаушы гид-экскурсовод даярлау курсын сәтті аяқтады.

2025 жылғы түлектердің жұмыспен қамтылу деңгейі 87,5%-ды құрап, түлектердің еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие екенін және даярлау сапасының тиімділігін көрсетеді.

Қорытындылай келе, кәсіби кадрларды даярлау Қазақстанның туристік саласының тұрақты дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі.