
Экономика, бизнес және құқық колледжінің студенттері Visit Qaraghandy туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырған оқу тәжірибесіне қатысты. Бағдарлама аясында студенттер «Берекет» қонақ үй кешенімен танысты.
Сапар барысында студенттер қонақ үйдің құрылымы мен жұмыс үдерісімен танысып, қызмет көрсету стандарттары, әкімшілік қызметтің міндеттері, қонақтарды қабылдау тәртібі және нөмірлік қорды басқарудың ерекшеліктері туралы мәлімет алды. Қонақ үй өкілдері ішкі логистика, орналастыру қызметі мен шаруашылық бөлімі жұмысының тәртібі, сондай-ақ қызмет сапасына қойылатын талаптар және қонақжайлық индустриясы қызметкерлерінің кәсіби даярлығы жөнінде кеңірек ақпарат берді.
Іс-шара Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылып, студенттердің практикалық білімін тереңдетуге, кәсіби дағдыларын қалыптастыруға және теориялық дайындық пен тәжірибелік жұмыс арасындағы байланысты күшейтуге бағытталды.