
Торайғыров университеті Жаратылыстану факультетінің «География және туризм» кафедрасының студенттері «Саят Павлодар» туристік фирмасына және «Ертіс» қонақ үйіне барды. Іс-шара Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының бастамасымен Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылды.
Қазіргі таңда кафедрада «Туризм» мамандығы бойынша 100 студент, ал «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» бойынша 43 студент білім алуда.
Сапар барысында студенттер туристік саланың кәсіпорындарындағы жұмыс үдерістерінің практикалық қырларымен танысты.
«Саят Павлодар» туристік фирмасында туристік өнімді қалыптастыру процесі, клиенттермен жұмыс істеу ерекшеліктері және сервистік қызметтердің сапасына қойылатын талаптар көрсетілді.
«Ертіс» қонақүйінде студенттер үшін семинар мен практикалық сабақ ұйымдастырылды. Онда қонақ үй қызметі саласындағы жұмысқа қатысты ұсыныстар беріліп, кәсіпорынның операциялық үдерістері таныстырылды.
Мұндай іс-шаралар теориялық білім мен практикалық дағдылардың байланысын нығайтуға, сондай-ақ студенттердің саланың кәсіби талаптары туралы түсінігін арттыруға ықпал етеді.
Жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы бастамалар жалғасып, студенттерге тәжірибеге бағытталған іс-шаралар әрі қарай да жүзеге асырылмақ.