Өзбекстандағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұлов пен Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев кездесу өткізді

Өзбекстандағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұлов пен Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев кездесу өткізді

Бүгін Өзбекстандағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұлов пен Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев кездесу өткізді.

Кездесу барысында Төраға қазақстандық делегацияның «Жібек жолы туризмі» Ташкент халықаралық туристік жәрмеңкесіндегі жұмысы жөнінде ақпарат беріп, шетелдік әріптестермен және жетекші туристік компаниялармен өткен келіссөздер туралы баяндады.

Тараптар 1 желтоқсаннан бастап SCAT әуе компаниясы іске қосатын тұрақты әуе рейстеріне ерекше назар аударды. Атап айтқанда, Түркістан – Бухара, Түркістан – Үргеніш (Хива) және Түркістан – Самарқан бағыттарындағы жаңа рейстер екі ел арасындағы туризм алмасуын кеңейтіп, көліктік байланысты нығайтуға ықпал ететіні атап өтілді.

Сонымен қатар, қазақстандық туроператорлардың Өзбекстаннан келетін туристер легін арттыруға, әсіресе Түркістанға, сондай-ақ Бурабай, Катонқарағай және басқа да әлеуетті бағыттарға тарту жөніндегі жұмысты күшейтуге мүдделі екені айтылды.