
ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Сергеевна Смоляковамен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында туризм саласын дамытуға қатысты өзекті мәселелер, оның ішінде проблемалық тұстар мен оларды шешу жолдары талқыланды. Ерекше назар нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге, ішкі және келу туризмін дамытуға, кадр даярлау сұрақтарына, сондай-ақ туристердің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мәселелеріне аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша елдің туризм саласын одан әрі дамыту мақсатында Туризм индустриясы комитеті мен депутаттық корпус арасында ынтымақтастықты жалғастыру және конструктивті өзара іс-қимылды нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.