«Туристік Қамқор» туристердің құқықтарын кепілдендіру қоры мен ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің қолдауымен азаматтардың өтінішін тәулік бойы қабылдайтын жедел желіні іске қосты.
📞 Телефон: +7 700 112 21 12 (WhatsApp және Telegram арқылы да қолжетімді)
Биылғы шілде айынан бері жедел желіге 400-ден астам өтініш түсті. Барлық өтініш қор мамандары тарапынан мұқият қарастырылып, туристерге кеңес, түсіндіру және қажетті көмек көрсетілді.
Жедел желі азаматтарға мына бағыттар бойынша қолдау көрсетеді:
🔹 туристердің құқықтары мен мүдделерін қорғау;
🔹 шетелдегі күтпеген жағдайларда кеңес беру және ақпараттық қолдау;
🔹 ресми тізімге енгізілген туроператорлар туралы мәліметтерді ұсыну.
«Туристік Қамқор» қоры отандық туристердің қауіпсіздігі мен құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Барлық өтініштер тұрақты бақылауда болады.