IUTH университетінің 1300-ден астам студенті туризм және меймандостық саласында өндірістік тәжірибеден өтуде

IUTH университетінің 1300-ден астам студенті туризм және меймандостық саласында өндірістік тәжірибеден өтуде

2025 жылдың жаз айларында Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінің (IUTH) 1300-ден астам студенті туризм саласындағы жетекші нысандарда өндірістік тәжірибеден өтуде.

Тәжірибеден өтушілердің арасында:

▫️2-курс – 787 студент;
▫️3-курс – 531 студент бар.

Өндірістік тәжірибе Rixos President Astana, Rixos Water World Aktau, Visit Shymkent, Karavansaray сынды ірі нысандарда, сондай-ақ Түркістан, Шымкент, Алматы және Астана қалаларындағы қонақ үйлерде, туристік ақпараттық орталықтарда, туристік агенттіктер мен спорт нысандарында ұйымдастырылған. Сонымен қатар студенттер Қазақстанның өзге де қалаларында тәжірибе жинақтауда.

Өндірістік тәжірибе – білім беру үдерісінің маңызды бөлігі. Ол студенттерге нақты кәсіби дағдыларды меңгеруге, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және кәсіби бағыт-бағдарын нақтылауға мүмкіндік береді.