Меню
Страницы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпарат
Қызметі
Комитет туралы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Байланыс ақпарат
Басқарма туралы
Қызметі
Все материалы
Туризм
10 ноября 2025
Бизнесті қолдауға және қызмет көрсету сапасын жақсартуға басымдық беріледі – Қазақстанда заңнама жетілдірілуде

ҚР Парламенті Мәжілісінде «Туризм саласын қолдау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қарастырылып жатыр.

Аталған заң жобасы депутаттардың бастамасымен дайындалған және мақсаты – туризмді дамыту үшін қолайлы жағдай жасап, құқықтық базаны жетілдіру.
Ұсынылып отырған түзетулер мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыруға, инфрақұрылымды дамытуға және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған.

Негізгі ұсыныстардың бірі – кәсіпкерлерді қолдау шараларын жүзеге асыру барысында Туризм және спорт министрлігі мен әкімдіктердің құзыретін кеңейту.
Бұл субсидия беру, шығындарды өтеу және қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылау тәртібін нақтылауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар гидтер, экскурсоводтар мен инструкторлардың қызметін реттеу тетіктерін жетілдіру ұсынылуда. Туристердің сенімі мен ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында QR-коды бар сәйкестендіру бейдждері енгізілу жоспарланған. Қазіргі таңда мұндай бейдждер 112 гидке беріліп, 41 туристік нысанға жеңілдікпен кіру мүмкіндігі жасалған.

Агротуризмді жеке бағыт ретінде дамытуға ерекше назар аударылуда.
Депутаттар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің мәртебесін өзгертпей-ақ, сол аумақтарда туристік қызметпен айналысуға рұқсат беруді ұсынды.

Бұл агротуризмді заңды түрде дамытуға, ауылдардағы жұмыспен қамтуды және табысты арттыруға, сондай-ақ өңірлердің мәдени мұрасын сақтауға жағдай жасайды. Бұдан бөлек, қонақ үйлерді жіктеу жүйесін жетілдіру көзделіп отыр.

Қазіргі уақытта ресми классификациядан небәрі 3% орналастыру нысаны өткен.
Жаңа тәсілдер рәсімдердің ашықтығын арттырып, қызмет көрсету сапасын халықаралық стандарттарға дейін көтеруге мүмкіндік береді.

Ұсынылып отырған шараларды іске асыру туризм саласын жүйелі түрде дамытуға, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және Қазақстанның жайлы әрі қауіпсіз туристік бағыт ретіндегі беделін нығайтуға ықпал етеді.

03 ноября 2025
IUTH студенттері Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өндірістік тәжірибеден өтті

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Халықаралық туризм және меймандостық университетінің студенттері Түркістан қаласындағы Hampton by Hilton Turkistan қонақ үйіне танымдық экскурсия жасады.

Іс-шараға «Туризм және қонақжайлылық индустриясын ұйымдастыру» мен «Халықаралық және ішкі туризм» мамандықтары бойынша білім алатын 50-ге жуық студент қатысты. Студенттер қонақ үй қызмет көрсету үдерісімен, сапа стандарттарымен және меймандостық мәдениетімен танысты.

Экскурсия барысында студенттер теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, болашақ мамандықтарына дайындықтың маңызын түсінді. Мұндай кездесулер жастардың өз саласына деген қызығушылығын арттырып, саланың нақты жұмыс барысын көруге мүмкіндік береді.

Халықаралық туризм және меймандостық университетінде дуалды оқыту жүйесі кеңінен енгізілген. Қазіргі таңда 850-ден астам студент жетекші қонақ үйлерде, мейрамханалар мен туристік ұйымдарда өндірістік тәжірибеден өтуде. Дуальды білім беру форматы студенттердің кәсіби дағдыларын жетілдіріп, еңбек нарығында сұранысқа ие білікті маман болып қалыптасуына ықпал етеді.

Осындай іс-шаралар туризм және меймандостық саласында кадр даярлау сапасын арттыруға, студенттердің кәсіби бағдарын нығайтуға зор мүмкіндік береді. Аталмыш тәжірибе алдағы уақытта өзге өңірлердегі жоғары оқу орындарында туризм мамандығы бойынша білім алатын студенттер арасында да ұйымдастырылмақ.

31 октября 2025
Маңғыстауда тарихи туризмді дамыту мәселелері талқыланды

Ақтауда ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің «Тарихи туризмді дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы көшпелі отырысы өтті.

Жиын барысында өңірдің туризм саласын одан әрі дамыту шаралары қаралды. Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев өңірдің тарихи және жағажай туризмін дамытуға зор әлеуеті бар екенін атап өтті.

— Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2025–2029 жылдарға арналған «Маңғыстау» туристік өңірін дамыту жөніндегі кешенді жоспар бекітілді. Жоспар 9 бағыт бойынша 102 іс-шараны қамтиды. Басты басымдықтар – тұрақты туризмді дамыту, инвестициялық жобаларды іске асыру, инженерлік және көлік инфрақұрылымын жетілдіру, цифрландыру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Кендірлі курортты өңірін дамыту, — деді ол.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ішкі және келу туризмін дамыту, туристер мен инвесторларға қолайлы жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.

— Туризм – ұлттық экономиканы әртараптандырудың және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі драйверлерінің бірі. Инфрақұрылымды жақсарту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қызмет сапасын арттыру арқылы Қазақстанды әлемдік деңгейдегі тартымды туристік бағытқа айналдыруға болады. Осы бағытта Маңғыстау облысында туризмді дамытуға арналған кешенді жоба жүзеге асырылып жатыр. Негізгі бағыттары ретінде тарихи және жағажай туризм түрлері айқындалған, — деді ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев.

Маңғыстау облысы тарихи және табиғи туризм жобаларын іске асыруда маңызды өңірлердің бірі саналады. Мұнда жаңа туристік бағыттарды дамыту, сервистік аймақтар құру және заманауи қызмет көрсету стандарттарын енгізу жоспарланған.

Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар салалық заңнаманы жетілдіру және өңірдің туристік әлеуетін кешенді дамыту мақсатында мемлекет пен бизнес арасындағы өзара іс-қимылды күшейтудің маңызын атап өтті.

31 октября 2025
«Бурабай» ұлттық паркінде 7 жаңа шолу алаңы ашылды

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде туристік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған ауқымды жоба аяқталды. Жоба табиғи тепе-теңдікті сақтай отырып, демалушыларға жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған.

Жоба аясында саябақ аумағында табиғи ландшафтқа үйлесімді жеті шолу алаңы ашылды. Мұнда саяхатшылар тау мен көлдердің әсем көрінісін тамашалай алады. Сондай-ақ шолу алаңдары экожүйеге түсетін рекреациялық жүктемені азайтады.

Жобаның басты мақсаты – табиғатқа зиян келтірмей демалудың экологиялық тәсілін қамтамасыз ету. Қазіргі заманғы баспалдақтар, алаңдар мен демалыс аймақтары өсімдіктердің тапталуы мен топырақтың тозуының алдын алады.

📌Әрбір шолу алаңының өзіндік ерекшелігі мен көрініс бұрышы бар:
🔸 «Аютас» жартасы – «Құмай тазы» мүсіні, баспалдақтар, ақпараттық тақталар және пейзажды тамашалауға арналған түтігі бар шолу алаңы.
🔸 «Кебістас» (Туфелька) жартасы – орындықтары мен от жағуға арналған алаңы бар, орман мен көл жағалауының ерекше көрінісін ашатын орын.
🔸 «Бөлектау» тауы – бүркіт бейнесіндегі арт-нысаны бар орталық алаң, мұнда баспалдақтар, әткеншектер және шолу түтіктері орнатылған.
🔸 «Махаббат алаңы» – жұмсақ ландшафтық дизайнымен ерекшеленетін, фотосессияларға арналған романтикалық орын.
🔸 «Мойнақ жартасы» – белсенді демалыс аймағы. Мұнда арқан паркі мен демалуға арналған орындықтар бар.
🔸 «Максимка» жартасы – үш көпірмен жалғасқан шолу алаңы, мүсіндер мен пикникке арналған аймақтар бар.
🔸 «Иманай бұлағы» – баспалдақтар, орындықтар және табиғатты шолуға арналған телескоп орнатылған шағын алаң.

Бұл жоба – заманауи туризмнің табиғатпен үйлесімді өмір сүре алатынын, жайлылық пен экологиялық жауапкершілікті ұштастыруға болатынын дәлелдейтін жарқын мысал.

Еске сала кетейік, 2025–2029 жылдарға арналған «Бурабай» курортты өңірін дамыту жөніндегі кешенді жоспар бекітіліп, іске асырылып жатыр. Құжат өңірдің туристік, көлік және инженерлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. Бұл өз кезегінде қызмет көрсету сапасын арттырып, Бурабайдың Қазақстандағы ішкі туризмнің жетекші орталығы ретіндегі мәртебесін нығайтады.

Туризм
30 октября 2025
Қазақстанның туристік орындарында түсірілген Димаштың жобасы Қытайда таныстырылды

Қытайдың танымал Hunan TV телеарнасы Қазақстанның туристік локацияларында түсірілген Voice Beyond Horizon жаңа тележобасының промо-бейнеролигін ұсынды. Бағдарлама еліміздің туристік әлеуетін миллиондаған көрерменге көрсетеді.

Жоба Димаш Құдайбергеннің бастамасымен және Hunan Broadcasting System телеарнасымен бірлесе қолға алынды. Биылғы қыркүйек айында түсірілім тобы мен қатысушылар Қазақстанның өңірлері бойынша саяхаттап, 7436 шақырымнан астам жол жүрді. Олар 22 күн ішінде олар еліміздің бай табиғи және мәдени мұрасымен танысты.

Түсірілімге Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Италия, Малайзия және Сербия елдерінің өнерпаздары қатысты. Жобаның бағыты негізгі туристік орындарды қамтыды. Оның ішінде Ұлы Жібек жолының бойындағы көне Түркістан, Маңғыстау облысындағы Бозжыра мен Каспий теңізінің жағалауының бірегей көріністері, Алматы өңірінің табиғи інжу-маржандары – Қайыңды көлі, Саты туристік ауылы, Қапшағай су қоймасы, Ақмола облысының Көбейтұз көлі мен Щучинск-Бурабай курорттық аймағы іспетті табиғи ландшафттары бар.

Voice Beyond Horizon жобасы 2026 жылы Hunan TV телеарнасы арқылы көпшілікке жол тартады.

Жобаға ҚР Туризм және спорт министрлігі, Kazakh Tourism ұлттық компаниясы, «Жолаушылар тасымалы» АҚ және өңірлердің әкімдіктері ұйымдастырушылық қолдау көрсетті.

29 октября 2025
Ақкөл қаласында фин брендінің туристік үйлері пайда болуы мүмкін

Астанадағы «Қазақстан–Финляндия» бизнес форумы аясында отандық “TӦR`RE” компаниясы танымал фин брендіне айналған және ағаш үй құрылысы мен экологиялық таза үйлер шешімдеріне маманданған “Honka” компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.   Құжат экологиялық технологияларды енгізуге, жайлы туристік инфрақұрылымды дамытуға және табиғи ортаны сақтауға бағытталған.

“TӦR`RE” компаниясы Аққол қаласындағы жобаны дамытуға ниет білдіріп отыр. Бұған дейін 4,5 млрд теңге инвестиция салынып,  Wyndham Residences Aqkol қонақ үйі салынды. Енді компания 50-ден астам туристік үйдің іргетасын қалауды жоспарланып отыр.

"Біз тұрақты даму стандарттарын ұстанамыз. Әр түрлі елдің үй құрылысы технологияларына талдап, экологиялық таза, технологиялық және сапа талаптарына сәйкес келетін шешімдерді таңдаймыз. Биылғы наурыздан  бастап финдік “Honka” компаниясымен келіссөздер жүргізіп келеміз.  Бұл брендтің ағаш материалдары әлемдегі ең үздіктердің бірі болып есептеледі. Біз осы технологияларды Қазақстанда қолдану мүмкіндігін қарастырып жатырмыз", - деп атап өтті “TӦR`RE” компаниясының басқарма төрағасы Тимур Қожабеков.

25 октября 2025
Ұлы Жібек жолының ізімен жүретін Jibek Joly-6.0 туристік пойызы жолға шықты

2025 жылғы 24–30 қазан аралығында Республика күніне орай Jibek Joly- 6.0 туристік пойызы сапарға аттанды.

Жоба «Қазақстан Темір Жолы» ҰҚ» АҚ-мен бірлесіп, ҚР Туризм және спорт министрлігі мен «Қазақстан туристік индустриясы» РҚБ қолдауымен жүзеге асырылуда. Жобаны дәстүрлі түрде Khan Turan Travel компаниясы ұйымдастырады.

Бағыт Алматы – Түркістан – Отырар – Самарқанд – Бұхара – Ташкент – Алматы қалаларын қамтиды.

Jibek Joly пойызы жайлы теміржол сапарын, мазмұнды экскурсиялық бағдарламаны және Орталық Азияның бай мәдениетімен танысуды үйлестірген ерекше туристік жоба болып табылады. Биылғы маусымда Түркия, Ресей, Қырғызстан, Венгрия, Беларусь, Германия және АҚШ елдерінен келген туристер қатысуда.

Бағдарлама ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұра нысандарына саяхаттарды, көне Отырар мен Қожа Ахмет Ясауи кесенесін аралауды, Самарқанд, Бұхара және Ташкент қалаларына экскурсияларды, сондай-ақ шеберлік сабақтары мен театрландырылған қойылымдарды қамтиды.

Jibek Joly жобасы мәдени бағыттар мен тұрақты туризмді дамытуға үлес қосып, Қазақстанды Ұлы Жібек жолының тарихи мұрасы орталығы ретінде танытуда.

23 октября 2025
Алматыда туризмдегі цифрлық платформалар мәселесі талқыланды

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Руслан Қожасбаев пен Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаевтың қатысуымен көшпелі кеңес өтті.

Кездесу туристік сала өкілдері, банк секторы мен мемлекеттік органдар арасындағы ашық диалог форматында ұйымдастырылды. Басты тақырып – туризмдегі цифрлық платформалар, сын-қатерлер мен тәуекелдер, сондай-ақ заңнамалық реттеу жолдары болды.
Жиынға Kaspi Bank, Halyk Bank және Freedom Bank, сонымен қатар туристік қауымдастықтар, компаниялар мен салалық ведомство өкілдері қатысты.

Кеңес барысында цифрлық платформалардың жұмысын реттеу және туризм саласындағы жұмыспен қамтуды сақтай отырып, ішкі нарықты дамытуға мүмкіндік беретін теңгерімді тетіктерді қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Freedom Bank пен Halyk Bank өкілдері туристік бизнеспен ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын ұсынып, бастама қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Ал Kaspi Travel өкілдері түскен ұсыныстарды қарастырып, компания ішінде талқылауға дайын екенін айтып, саланы дамытуға серпін беретін бірлескен шешімдерді іздеудің маңызын атап өтті.

Туристік қауымдастық қазіргі жағдай бойынша жан-жақты талдау ұсынып, нарықтағы негізгі мәселелерді атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша Туризм индустриясы комитеті, банк секторы және бизнес өкілдері арасында саланы қолдауға және тиімді реттеу құралдарын әзірлеуге бағытталған бірлескен жұмысты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

22 октября 2025
Алматыда туризм саласындағы әйелдердің көшбасшылығына арналған UN Tourism-нің алғашқы өңірлік конференциясы өтті

Алматыда туризм саласындағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған UN Tourism-нің алғашқы өңірлік конференциясы өтті. Іс-шараға халықаралық ұйымдар, бизнес өкілдері, сарапшылық қауымдастық мүшелері және шетелден келген 400-ге жуық қатысушы қатысты.

Конференция туризм саласындағы гендерлік теңсіздікті жою және әйелдердің көшбасшылығын дамытуға қолдау көрсету мақсатындағы Centre Stage бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Жиында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев пен UN Tourism ұйымының атқарушы директоры Зорица Урошевич құттықтау сөз сөйледі.

«Туризм – экономиканың қозғаушы күші, сонымен қатар қоғам дамуының көрсеткіші, мәдени мұраны сақтау мен шығармашылықты қолдаудың құралы. Қазақстан тұрақтылық пен тең мүмкіндіктер қағидаттарын ұстана отырып, туризмді экономиканы әртараптандырудың басым бағыты ретінде қарастырады», – деді Нұртас Кәріпбаев.

Туризм индустриясы комитеті төрағасының айтуынша, 2025 жылдың алғашқы тоғыз айында елімізге 12 миллионнан астам шетелдік қонақ келген. Сондай-ақ Алматы қаласына шетелдік және отандық туристер тарапынан да сұраныс тұрақты түрде артып келеді.

Конференция қорытындысы бойынша туризм саласында әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған Алматы үндеуі қабылданды. Құжатта әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, білім беру бастамаларын қолдау және тұрақты туризм қағидаттарын ілгерілету шаралары көзделген.

Туризм
21 октября 2025
Қазақстан мен Әзірбайжан туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Астанада «Қазақстан – Әзірбайжан: Жасанды интеллект пен индустриялды бастамалардың дамуы жағдайындағы экономикалық ынтымақтастық» атты бизнес-форум өтті. Іс-шараға екі елдің мемлекеттік органдары мен бизнес өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі атынан құттықтау сөз сөйлеген Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев форумның маңыздылығына тоқталды.

«Каспий теңізі бүгінде тек шекара ғана емес, мәдениет, табиғат және инновацияны біріктіретін бірыңғай туристік кеңістікке айналып келеді», — деді Н. Кәріпбаев.

Қазақстан мен Әзірбайжан Каспий жағалауын қамтитын бірлескен туристік маршрутты дамытуға ниетті. Бұл маршрут экотуризмді, мәдени-танымдық, емдеу-сауықтыру, гастрономиялық бағыттарды, сондай-ақ оқиғалық туризмді қамтиды.

Саланың цифрландырылуына ерекше назар аударылуда. Елімізде туристің виртуалды картасы енгізілді. Ал болашақта Каспий аймағы бойынша сұранысты болжауға және маусымдылықты басқаруға мүмкіндік беретін жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы ортақ цифрлық кеңістік құру көзделуде.

Форум аясында Әзірбайжан Республикасының Экспортты және инвестицияны ілгерілету агенттігі (AZPROMO), Қазақстан Республикасының Alakol Medical Tourism ЖШС және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Бұл меморандум – Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мен экономикалық байланыстарды нығайту жолындағы маңызды қадам.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты