Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізуші орнын қоспағанда, сегізден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алуға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу жөніндегі өтінімдерді қарау жөніндегі комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ

Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізуші орнын қоспағанда, сегізден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алуға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу жөніндегі өтінімдерді қарау жөніндегі комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ

ХАТТАМА

Кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарының бір бөлігін өтеу жөніндегі өтінімдерді қарау жөніндегі комиссия отырысының

 

Өскемен қ.                                              № 5                                      2 маусым 2026 ж.
                                                                                                                          сағат 08.30

 

Өткізілген орны: Шығыс Қазақстан облысының туризм басқармасы, мекенжайы: Өскемен қаласы, Максим Горький көшесі, 40.

Кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарының бір бөлігін өтеу жөніндегі өтінімдерді қарау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) отырысы 2026 жылғы 2 маусымда сағат 08.30 -де күндізгі форматта өткізілді.

Комиссия отырысына келесі мүшелер қатысты:

Смит
Ирина
Федоровна

облыстың туризм басқармасы басшысының орынбасары, Комиссия төрағасы;

 

Дайырбаев
Алимжан
Азаматович

облыстың туризм басқармасы туризмді дамыту бөлімінің басшысы, Комиссия төрағасының орынбасары;

 

Токтарханова
Аяулым
Айдынкызы

облыстың туризм басқармасы туризмді дамыту бөлімінің бас маманы, Комиссия хатшысы;

 

Ахаев
Алексей
Андреевич

облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары;

Каирдинов
Самат
Ербулатович

облыстың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының орынбасары;

 

Мукатаев
Ерназ
Ерланович

облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары;

 

Мамырбаев
Кайрат
Нуржанович

Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры (келісім бойынша);

Рамазанов
Сымбат
Садырканулы

Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы филиалы Туризм кеңесінің төрағасы (келісім бойынша);

 

Клиновицкая
Ирина
Валерьевна

«East tourism union» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы (келісім бойынша);

 

Омарбева
Айжан
Амангельдыевна

«Агентство по туризму и трудоустройству за рубежом» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша).

 

Комиссия хатшысы қатысушыларға Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 72 «Кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарының бір бөлігін өтеу жөніндегі өтінімдерді қарау бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссия құру туралы» қаулысымен бекітілген комиссия құрамындағы 9 мүшенің ішінен ағымдағы отырысқа 7 мүшенің күндізгі тәртіпте қатысып отырғанын хабарлады.

Комиссия төрағасы Смит Ирина Федоровна комиссия мүшелеріне келесі күн тәртібін ұсынды:

  1. «Ridder Inn Hotel» ЖШС-нің жүргізуші орнын қоспағанда, сегізден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралын сатып алуға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу жөніндегі өтінімін және оған қоса берілген материалдарды қарау туралы.

Кәсіпкер жүргізуші орнын қоспағанда, 13 жолаушыға арналған отыратын орны бар TOYOTA HIACE автокөлігін сатып алған.

Өтінімге Қағидаларға сәйкес кәсіпкер келесі құжаттарды қоса ұсынған:

  • құрылтай құжаттарының көшірмесі;
  • берешектің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;
  • көлік құралын тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
  • көлік құралын сатып алу-сату шартының көшірмесі;
  • фотоматериалдар.

Комиссия мүшелері ұсынылған материалдарды қарап, кәсіпкер мәлімдеген көлік құралының 28 552 300 теңге мөлшеріндегі құны автомобильді сатып алу құны – 24 614 052 теңге және қосылған құн салығының (ҚҚС) 3 938 248 теңге сомасынан тұратынына назар аударды.

Қағидалардың 12-тармағына сәйкес өтеу мөлшері сатып алынған көлік құралы құнының жиырма бес пайызын құрайды, яғни 7 138 075 теңге.

  1. «Ridder Inn Hotel» ЖШС өтінімін қарау қорытындысы бойынша шешім қабылдау туралы.

Комиссия төрағасы И. Смит қатысушыларға осы отырыстың күн тәртібі бойынша ескертулер мен қарсылықтар болса, білдіруді ұсынды.

Ұсынылған құжаттарды Қағидаларға сәйкес қарау қорытындысы бойынша комиссия мүшелері келесідей дауыс берді:

 

Комиссия мүшелерінің Т.А.Ә.

 

Қолдады/Қарсы/Қалыс қалды

Смит

Ирина Федоровна

Қолдады

 

Дайырбаев

Алимжан Азаматович

Қолдады

 

Ахаев

Алексей Андреевич

Қолдады

 

Каирдинов

Самат Ербулатович

Қолдады

 

Мукатаев

Ерназ Ерланович

Қолдады

 

Мамырбаев

Кайрат Нуржанович

Қолдады

 

Рамазанов

Сымбат Садырканович

Іссапарда болуына байланысты қатыспады

 

Клиновицкая

Ирина Валерьевна

Іссапарда болуына байланысты қатыспады

 

Омарбаева

Айжан Амангельдыевна

Қолдады

 

 

Комиссия отырысының күн тәртібіне шығарылған мәселелер қаралды.

Комиссия төрағасы Смит И.Ф. комиссия отырысын жабық деп жариялады.

Осы хаттама мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық құжат нысанында жасалды және 3 беттен тұрады.

 

Комиссия төрағасы                                                                                И. Смит

 

Комиссия хатшысы                                                                   А. Токтарханова