
ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет агенттігінің төрағасының 2016 жылдың 19 қазанында бекіткен (№12) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды жүргізудің үлгілік ережелеріне сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының «Туризмді басқару басқармасы» ММ 2026 жылдың 22 сәуірінде Басқарма қызметінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау өткізеді.
Осы іс-шараның маңыздылығын ескере отырып, барлық қызығушы тұлғаларды оған қатысуға шақырамыз. Тіркелу және қосымша ақпарат алу үшін көрсетілген мекен-жайына жүгінуіңізді сұраймыз: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40, №122 кабинет.
Электрондық пошта: r.kurmusheva@akimvko.gov.kz
Байланыс телефондарының нөмірлері: 8(7232) 713-268, 8 777 520 40 60