Таза Қазақстан

Таза Қазақстан

Құрметті жерлестер!

Ауа райының жылынуына және санитарлық тазарту мен аумақтарды абаттандыру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты экологиялық акциялар мен сенбілік жұмыстарын ұйымдастырудың бірыңғай ұстанымын түсіндіру қажет деп санаймын.

Ең алдымен, мұндай іс-шараларға қатысу тек қана ерікті түрде жүзеге асырылатынын атап өтемін.

Сонымен қатар, негізгі назар тұрғындардың өз үйлері мен аулаларына іргелес аумақтарды тазалауға бағытталуы тиіс, бұл әрбір шығысқазақстандықтың азаматтық жауапкершілігінің көрінісі болып табылады.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері қала көшелері мен қоғамдық орындарды тазалау жұмыстарына тек өз еркімен ғана қатысуы қажет. Мұндай жұмыстарға мәжбүрлеудің кез келген түріне жол берілмейді.

Әрбір азаматтың демалуға және жеке уақытына толық құқығы бар, бұл құқық мүлтіксіз сақталуы тиіс.

Сенбілік, өз кезегінде, өз өңірінің тазалығы мен дамуына бейжай қарамайтын азаматтардың белсенді ұстанымының көрінісі болып табылады.

Біздің ортақ мақсатымыз “Таза Қазақстан” бастамасының міндеттері мен қағидаттарына негізделеді. Себебі, бұл бір реттік науқан емес, ұзақ мерзімді стратегиялық бағыт болып табылады.

Барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтей отырып, тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана біз абаттандыру, санитарлық жағдайды жақсарту және экологиялық мәдениетті қалыптастыруда елеулі нәтижелерге қол жеткізе аламыз.

Барша тұрғындарды осы игі іске жеке атсалысуға шақырамын.

Құрметпен,
Нұрымбет Сақтағанов