Туризм саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті

Туризм саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті

2026 жылғы 15 қаңтарда туризм саласын дамытудың өзекті мәселелерін қарауға арналған жұмыс кеңесі өтті.

Кеңес барысында туристердің қауіпсіздігін арттыруға, туристік қызметтердің сапасын жақсартуға, сондай-ақ туризм саласында цифрлық шешімдерді дамытуға бағытталған бірқатар жүйелі бастамалар талқыланды. Атап айтқанда, келесі мәселелер қаралды:

  • Қазақстан Республикасының «Туристік қызмет туралы» Заңына терминологияны толықтыру және нақтылау бөлігінде өзгерістер енгізу;

  • туристік маршруттар тізілімін бекіту;

  • катамарандар мен гидроциклдерді пайдалану қағидаларын әзірлеу;

  • туристер мен туристік топтарды тіркеу үшін ұлттық парктердің бақылау-өткізу пункттеріне QR-кодтар орнату;

  • туристік нысандарда интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету;

  • қауіпті нүктелер мен туристік маршруттардың тізбесін қалыптастыру;

  • облыс аумағына кіру кезінде, оның ішінде шекаралық бекеттер мен әуежайда туристің маршруттық картасын әзірлеу.

Кеңес қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар қалыптастырылып, оларды одан әрі қарастыру және пысықтау үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жолдау туралы шешім қабылданды.

Өңірде қауіпсіз, қолайлы және заманауи туристік ортаны қалыптастыру бағытындағы жұмыс жалғасуда.