Туризм саласын дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

Туризм саласын дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

2026 жылғы 9 қаңтарда туризм саласын дамытудағы өзекті және проблемалық мәселелерді талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара барысында қатысушылар туристік саланың сапасы мен тұрақты дамуына әсер ететін негізгі аспектілерді, оның ішінде туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, туристік нысандардың инженерлік және коммуналдық инфрақұрылымының жай-күйі, көлік қолжетімділігі, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелерін қарастырды.

Талқылау аясында туризм саласының дамуына кедергі келтіріп отырған проблемалық мәселелер айтылып, оларды шешудің ұйымдастырушылық, инфрақұрылымдық және нормативтік шараларын қамтитын ықтимал жолдары ұсынылды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша барлық көтерілген проблемалық мәселелерді жүйелендіріп, оларды одан әрі қарау және тиісті шешімдер қабылдау үшін орталық мемлекеттік органдарға жолдау туралы шешім қабылданды.

Осындай іс-шараларды өткізу келісілген тәсілдерді қалыптастыруға ықпал етіп, туристер үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдайлар жасауға, сондай-ақ өңірдің туристік саласын тұрақты дамытуға бағытталған.