Бүгін Шығыс Қазақстанға танымал тревел-блогерлер Шығыс Қазақстан облысының Туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырған ақпараттық тур аясында келді. Инфотурдың мақсаты — қатысушыларды өңірдің туристік әлеуетімен таныстыру, бірегей табиғи және мәдени көрікті жерлерді көрсету, сондай-ақ белсенді және оқиғалы демалыс мүмкіндіктерін насихаттау. Бағдарлама аясында блогерлер Шығыс Қазақстанның көрнекті орындарын аралап, туризм саласының өкілдерімен кездеседі, ұлттық тағамдардан дәм татады және жергілікті брендтермен танысады.