Меню
Страницы

Шығыс Қазақстанда ұлттық спорт түрі – құсбегіліктен I Азия кубогы «Шығыс Салбурыны – 2026» өтеді

Шығыс Қазақстанда ұлттық спорт түрі – құсбегіліктен I Азия кубогы «Шығыс Салбурыны – 2026» өтеді

2026 жылғы 8–10 қазан аралығында Шығыс Қазақстан облысында ауқымды халықаралық спорттық-мәдени іс-шара – құсбегіліктен I Азия кубогы «Шығыс Салбурыны – 2026» өтеді. Іс-шара Ұлан ауданындағы Бозанбай ауылдық округінің аумағында ұйымдастырылады («Бүркіт төбе» алаңы).

Турнир көшпелі өркениеттің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлерін жаңғыртуға, сақтауға және кеңінен насихаттауға, сондай-ақ ұлттық спорт түрлерін халықаралық деңгейде дамытуға бағытталған. Жарысқа кәсіби бүркітшілер мен сұңқаршылар қатысып, жыртқыш құстарды баптау және басқару шеберліктерін көрсетеді.

Жарысқа Қазақстан, Мажарстан, Испания, Грузия, Қытай, Моңғолия, Ресей, Түркия, Қырғызстан және Өзбекстаннан кәсіби бүркітшілер мен сұңқаршылар қатысып, жыртқыш құстарды баптау және басқару шеберлігін көрсетіп, өз елдерінің саятшылық дәстүрлерін таныстырады.

Іс-шараның бағдарламасы үш күнге жоспарланған және спорттық жарыстармен қатар, көрермендерге арналған мәдени-танымдық бағдарламаны қамтиды:

- 8 қазан – ұйымдастыру күні: этноауылды абаттандыру (киіз үйлерді орнату), қатысушыларды қарсы алу және тіркеу, мандаттық комиссия отырысы және жеребе тарту рәсімі.

- 9 қазан – сағат 10:00-де турнирдің салтанатты ашылуы өтеді. Бұл күні іріктеу кезеңдері мен жартылай финалдық жарыстар ұйымдастырылады: жабдықтарды тексеру, бүркітті 700 метр қашықтықтан қолға шақыру, тұлыпқа (шыраға) құс салу, сондай-ақ сұңқарлар мен қаршығалар арасындағы сайыстар.

- 10 қазан (Негізгі күн)– сағат 10:30-дан бастап финалдық жарыстар өтеді. Бағдарлама аясында еркін аңшылық ұйымдастырылып, бүркіттер түлкіге, ал қаршығалар мен сұңқарлар қоян мен көгершінге салынады.

Құсбегілік бойынша жарыстардан бөлек, қонақтар мен қатысушылар үшін Ұлы даланың дәстүрлі спорт түрлерінен арнайы бағдарлама ұйымдастырылады.

Жарыс бағдарламасы аясында:

·                   садақ атудан жарыс;

·                   арқан тарту;

·                   ұлттық тұқымды тазы иттерінің жарысы.

Көрсетілім бағдарламасы:

·                   асау үйрету;

·                   жамбы ату;

·                   теңге ілу;

·                   «Толағай» ұлттық сайыстары.

Турнирдің жабылу салтанаты және I Азия кубогының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 10 қазан күні сағат 16:30-да өтеді.

Ұйымдастырушылар республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін турнирді ақпараттық сүйемелдеуге шақырады. «Шығыс Салбурыны – 2026» Қазақстанның бай мәдени мұрасын, саятшылық дәстүрін және Шығыс Қазақстан өңірінің жоғары туристік әлеуетін танытатын халықаралық ақпараттық алаңға айналады.

Өтетін орны: Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Бозанбай ауылдық округі, «Бүркіт төбе» жері.

Өтетін күндері: 2026 жылғы 8–10 қазан.

БАҚ өкілдері үшін байланыс:

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері