«Қазақстандық Алтай – әсерлер аумағы» БАЙҚАУЫ

БЕКІТЕМІН:

Шығыс Қазақстан облысының

туризм және инвестиция

басқармасының басшысы
______________ Е.А. Сембинов
«____» ________________ 2026 жыл

 

ЕРЕЖЕ

Дүниежүзілік туризм күні – 2026 орай Шығыс Қазақстан облысының туристік саласының үздік өкілдерін анықтау жөніндегі конкурсты өткізу туралы

  1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже Дүниежүзілік туризм күні – 2026 орай Шығыс Қазақстан облысының туристік саласының үздік өкілдерін анықтау жөніндегі конкурстың (бұдан әрі – Конкурс) мақсаттарын, міндеттерін, ұйымдастырылу және өткізілу тәртібін айқындайды.

1.2. Конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 2026 жылғы 26 қыркүйекте Дүниежүзілік туризм күніне арналған іс-шара аясында Өскемен қаласының Сол жағалау кешенінің Этнобақ аумағында өтеді.

1.3. Конкурстың ұйымдастырушысы – мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және туристік сала өкілдерінің көмігімен «Шығыс Қазақстан облысының туризм және инвестиция басқармасы» ММ.

1.4. Конкурс туризм және қонақжайлылық саласындағы үздік тәжірибелерді анықтау, ынталандыру және кеңінен насихаттау мақсатында Шығыс Қазақстан облысының туристік саласы субъектілері арасында өткізіледі.

 

  1. Конкурстың мақсаты мен міндеттері

2.1. Конкурстың негізгі мақсаты – Шығыс Қазақстан облысының туризмін дамытуға елеулі үлес қосқан туристік сала өкілдерін анықтау және ынталандыру.

2.2. Конкурстың негізгі міндеттері: туристік қызметтердің сапасын арттыру, туристік бизнес субъектілерін қолдау, жаңа туристік өнімдерді және туристерге қызмет көрсетудің заманауи тәсілдерін енгізуді ынталандыру, туризмді дамытудың табысты үлгілерін насихаттау, өңірдің туристік саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының тартымды туристік бағыт ретіндегі оң имиджін қалыптастыру.

 

  1. Конкурс номинациялары

Конкурс шеңберінде 7 номинация қарастырылады:

  1. «ШҚО үздік қонақ үйі 2026»

Сапалы орналастыру қызметтерін және жоғары деңгейдегі сервисті ұсынатын, қонақжайлылық атмосферасын сақтайтын және туристерге жеке көзқарасты көрсететін қонақ үйлерге арналған.

  1. «ШҚО үздік демалыс базасы 2026»

Туристердің демалысы үшін сапалы қызметтер көрсететін, оның ішінде жағажайлық, отбасылық және белсенді демалысты ұйымдастыратын демалыс базаларына, тау шаңғысы кешендеріне, қала сыртындағы кешендерге және рекреациялық туризм объектілеріне арналған. Номинация аумақтың абаттандырылуының жоғары деңгейімен, сервистің сапасымен және келушілер үшін қолайлылығымен ерекшеленетін объектілерді қамтиды.

  1. «ШҚО сауықтыру объектісі 2026»

Өңірде сауықтыру және емдік-сауықтыру туризмін дамытатын санаторийлерге, сауықтыру кешендеріне және пантамен емдеу орталықтарына арналған.

  1. «ШҚО үздік туроператоры 2026»

Туристік сапарларды ұйымдастырудың, клиенттерге қызмет көрсетудің және өңірдің туристік өнімдерін ілгерілетудің жоғары сапасын көрсететін туроператорларға арналған.

  1. «ШҚО туризм саласындағы үздік блогері 2026»

Шығыс Қазақстан облысының туристік әлеуетін белсенді түрде жариялайтын, өңірдің туристік объектілері, маршруттары, іс-шаралары және демалыс мүмкіндіктері туралы сапалы әрі ақпараттық контент жасайтын, ішкі және келу туризмін ілгерілетуге ықпал ететін блогерлерге, контент-мейкерлерге және цифрлық контент авторларына арналған.

  1. «Туризмді дамыту мәселелерін белсенді жариялағаны үшін»

Шығыс Қазақстан облысының туристік әлеуетін белсенді әрі сапалы түрде жариялайтын, өңірдің туристік объектілерін, маршруттары мен іс-шараларын ілгерілетуге, ШҚО-ның оң туристік имиджін қалыптастыруға және тұрғындар мен туристер арасында өңірге деген қызығушылықты арттыруға ықпал ететін бұқаралық ақпарат құралдарына, интернет-басылымдарға және басқа да медиаресурстарға арналған.

  1. «ШҚО туристік саласын дамытуға қосқан үлесі үшін»

Өңірдің туризмін дамытуға, Шығыс Қазақстанды ілгерілетуге және оның туристік тартымдылығын арттыруға елеулі үлес қосқан ұйымдарға немесе туристік саланың жекелеген өкілдеріне берілетін құрметті номинация.

 

  1. Конкурсқа қатысушылар

4.1. Конкурсқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен туризм және қонақжайлылық саласында қызмет жүзеге асыратын Шығыс Қазақстан облысының туристік индустрия субъектілері, оның ішінде жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар, шаруа қожалықтары және өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар шақырылады.

4.2. Конкурсқа туристік операторлар, қонақ үйлер, демалыс базалары, қонақ үйлер (гостевой дом), санаторийлік-сауықтыру және пантамен емдеу кешендері, туристік объектілер, қоғамдық тамақтандыру ұйымдары, музейлер, экскурсиялық ұйымдар, этномәдени объектілер және туристік қызметтер көрсететін өзге де субъектілер қатыса алады.

4.3. Бір қатысушы екі номинациядан артық емес номинация бойынша өтінім бере алады.

 

  1. Конкурсты өткізу тәртібі

5.1. Конкурсқа қатысу өтінім негізінде жүзеге асырылады.

5.2. Өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы ақпаратты ұйымдастырушы ресми интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілердегі парақшаларында орналастырады.

5.3. Конкурсқа қатысу үшін белгіленген нысандағы өтінімді, ұйымның немесе жобаның қызметі туралы қысқаша ақпаратты, бағаланатын кезеңдегі жетістіктердің сипаттамасын, фотоматериалдарды және қажет болған жағдайда өзге де растайтын құжаттарды ұсыну қажет.

5.4. Ұйымдастырушы ұсынылған өтінімдердің осы Ереженің талаптарына сәйкестігіне алдын ала тексеру жүргізеді.

5.5. Өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін материалдар Конкурстық комиссияның қарауына беріледі.

5.6. Қажет болған жағдайда комиссия қатысушылардан өтінімде көрсетілген жетістіктерді растайтын қосымша ақпаратты сұратуға құқылы.

 

  1. Бағалау критерийлері

6.1. Конкурсқа қатысушыларды бағалауды Конкурстық комиссия осы Ережеде белгіленген критерийлерге және осы Ережеге қосымшаларға сәйкес бекітілген тиісті чек-парақтарға сәйкес жүзеге асырады.

6.2. Қатысушыларды бағалау қатысушылар өтінім құрамында ұсынған материалдар, мәліметтер, құжаттар, фото- және бейнематериалдар, сондай-ақ ашық дереккөздердегі ақпарат негізінде жүзеге асырылады. Тиісті критерийге сәйкестігі расталмаған жағдайда, осы критерий бойынша ұпай есептелмейді.

6.3. «ШҚО үздік қонақ үйі 2026», «ШҚО үздік демалыс базасы 2026» және «ШҚО сауықтыру объектісі 2026» номинациялары бойынша қатысушылар объектінің белгіленген критерийлерге сәйкестігін бағалауға мүмкіндік беретін растайтын материалдарды, құжаттарды, фото- және бейнематериалдарды ұсынады. Бағалауды Конкурстық комиссия ұсынылған материалдар негізінде және осы Ережеге 1, 2 және 3-қосымшаларда белгіленген жалпы және арнайы чек-парақтарға сәйкес жүзеге асырады.

Көрсетілген номинациялардың әрқайсысы бойынша объектінің жалпы сипаттамасы 40 ұпайды, объектінің арнайы сипаттамасы 60 ұпайды құрайды. Ең жоғары баға – 100 ұпай.

6.4. «ШҚО үздік қонақ үйі 2026» номинациясы бойынша 40 ұпайды құрайтын жалпы бағалау критерийлері және келесідей арнайы критерийлер қолданылады:

Критерий

Максималды ұпай

1

Қонақтарды орналастыру шарттары

20

2

Қонақтардың тұрмыс-тіршілігін ұйымдастыру

12

3

Қонақтардың демалуына арналған аумақты абаттандыру

8

4

Ауылдық тұрмыс салты және жергілікті ерекшелік

12

5

Қосымша қызметтер

8

 

Барлығы

60

6.5. «ШҚО үздік демалыс базасы 2026» номинациясы бойынша 40 ұпайды құрайтын жалпы бағалау критерийлері және келесідей арнайы критерийлер қолданылады:

Критерий

Максималды ұпай

1

Орналастыру шарттары және орналастыру түрлерінің әртүрлілігі

10

2

Тамақтандыруды ұйымдастыру

15

3

Демалысқа арналған инфрақұрылым

20

4

Қосымша қызметтер

15

 

Барлығы

60

Тамақтандыруды ұйымдастыруды бағалау кезінде нақты ұсынылатын тамақтандыру форматына байланысты ең жоғары көрсеткіш қолданылады: таңғы ас – 10 ұпай; күніне екі мезгіл тамақтану – 12 ұпай; күніне үш мезгіл тамақтану – 15 ұпай. Көрсетілген нұсқалар бойынша ұпайлар жинақталмайды.

6.6. «ШҚО сауықтыру объектісі 2026» номинациясы бойынша 40 ұпайды құрайтын жалпы бағалау критерийлері және келесідей арнайы критерийлер қолданылады:

Критерий

Максималды ұпай

1

Орналастыру шарттары және орналастыру түрлерінің әртүрлілігі

10

2

Медициналық және сауықтыру бағытының мамандануы

20

3

Тамақтандыруды ұйымдастыру

15

4

Демалыс және сауықтыру инфрақұрылымы

10

5

Қосымша қызметтер

5

 

Барлығы

60

Тамақтандыруды ұйымдастыруды бағалау кезінде нақты ұсынылатын тамақтандыру форматына байланысты ең жоғары көрсеткіш қолданылады: таңғы ас – 10 ұпай; күніне екі мезгіл тамақтану – 12 ұпай; күніне үш мезгіл тамақтану – 15 ұпай. Көрсетілген нұсқалар бойынша ұпайлар жинақталмайды.

Заңнамада белгіленген міндетті талаптар, лицензиялардың, рұқсат құжаттарының, тиісті қызмет түрін жүзеге асыру үшін көзделген жабдықтар мен үй-жайлардың болуы, чек-парақта тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, бағалаудың дербес критерийлері болып табылмайды және қатысушының Конкурсқа қатысуға жіберілуінің шарттары ретінде ескеріледі.

6.7. «ШҚО үздік туроператоры 2026» номинациясы бойынша қатысушыны бағалау келесідей критерийлер бойынша жүзеге асырылады:

Критерий

Максималды ұпай

1

Экономикалық қызмет

15

2

ШҚО туристік аумақтарын қамту

25

3

Туристік өнімдердің маусымдылығы

15

4

Ақпараттық және цифрлық ілгерілету

45

 

Барлығы

100

Туроператорлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның, қалыптастырылған туристік өнімнің, заңнама талаптарына сәйкес келетін кеңсенің және қызметкерлердің болуы Конкурсқа қатысудың міндетті шарты болып табылады және жеке бағаланбайды.

6.8. «ШҚО туризм саласындағы үздік блогері 2026» номинациясы бойынша қатысушыны бағалау келесідей критерийлер бойынша жүзеге асырылады:

Критерий

Максималды ұпай

1

Блогер аудиториясы

25

2

Жарияланымдардың қаралым саны

40

3

Жарияланымдардың тұрақтылығы

20

4

Туризм мәселелерін мазмұнды жариялау

15

 

Барлығы

100

Бағалау кезінде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау аяқталған күнге дейін орналастырылған жарияланымдар ескеріледі.

Аудитория көрсеткіштері мен қаралымдар санын растау үшін қатысушы өтінім құрамында әлеуметтік желідегі парақшасына сілтемені, жазылушылар санын көрсете отырып, сондай-ақ туризм тақырыбындағы жарияланымдарға сілтемелерді және олардың қаралымдар санын ұсынады. Ұсынылған әрбір жарияланымның қаралымдар саны скриншотпен немесе нақты жарияланымның қаралымдар санын анықтауға мүмкіндік беретін өзге де материалмен расталады.

Конкурсқа қатысудың міндетті шарты – Шығыс Қазақстан облысының туристік әлеуетін танымал етуге бағытталған жарияланымдардың болуы.

6.9. «Туризмді дамыту мәселелерін белсенді жариялағаны үшін» номинациясы бойынша қатысушыны бағалау келесідей критерийлер бойынша жүзеге асырылады:

Критерий

Максималды ұпай

1

БАҚ аудиториясы

20

2

Материалдардың қаралым саны

40

3

Жарияланымдардың тұрақтылығы

20

4

Туризм мәселелерін мазмұнды жариялау

20

 

Барлығы

100

Бағалау кезінде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау аяқталған күнге дейін орналастырылған жарияланымдар және өзге де ақпараттық материалдар ескеріледі.

Аудитория көрсеткіштері мен қаралымдар санын растау үшін қатысушы өтінім құрамында БАҚ-тың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына сілтемелерді, сондай-ақ туризм тақырыбындағы жарияланымдар мен өзге де ақпараттық материалдардың тізбесін көрсете отырып, олардың орналастырылған күнін, материалдың атауын, жарияланымға сілтемені және қаралымдар санын ұсынады. Ұсынылған әрбір материалдың қаралымдар саны скриншотпен немесе нақты жарияланымның қаралымдар санын анықтауға мүмкіндік беретін өзге де материалмен расталады.

Конкурсқа қатысудың міндетті шарты – Шығыс Қазақстан облысының туристік саласына арналған жарияланымдар мен өзге де ақпараттық материалдардың болуы.

6.10. Әрбір номинация бойынша қатысушыға тиісті номинацияның барлық критерийлері бойынша жинаған ұпайларының қосындысы ретінде айқындалатын қорытынды ұпай беріледі. Әрбір номинация бойынша ең көп ұпай жинаған қатысушы жеңімпаз деп танылады.

6.11. Қорытынды ұпайлар тең болған жағдайда, тиісті номинацияның арнайы критерийлері бойынша көп ұпай жинаған қатысушыға басымдық беріледі, ал «ШҚО үздік туроператоры 2026», «ШҚО туризм саласындағы үздік блогері 2026» және «Туризмді дамыту мәселелерін белсенді жариялағаны үшін» номинациялары бойынша – ең жоғары ұпай қарастырылған критерий бойынша көп ұпай жинаған қатысушыға басымдық беріледі.

6.12. Әрбір критерий бойынша егжей-тегжейлі көрсеткіштер, ұпайларды есептеу тәртібі және критерийге сәйкестікті растау тәсілдері осы Ережеге қосымшаларға сәйкес чек-парақтармен айқындалады.

 

  1. Конкурстық комиссия

7.1. Конкурсты өткізу үшін Конкурстық комиссия құрылады.

7.2. Конкурстық комиссияның құрамы ұйымдастырушының шешімімен бекітіледі.

7.3. Комиссия құрамына «ШҚО Туристік ақпараттық орталығы» КММ, Шығыс Қазақстан облысының туризм және инвестиция басқармасының өкілдері, туристік бизнес, қонақжайлылық саласы, мәдениет және білім беру ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ туризм және маркетинг саласындағы тәуелсіз сарапшылар енгізіледі.

7.4. Конкурс нәтижелеріне тікелей мүдделі немесе сол номинацияға қатысатын ұйымдардың өкілдері болып табылатын тұлғалар комиссия құрамына енгізілмейді.

7.5. Комиссияның әрбір мүшесі бекітілген критерийлерге сәйкес қатысушыларға жеке бағалау жүргізеді.

7.6. Қатысушының қорытынды балы бекітілген есептеу әдістемесіне сәйкес комиссия мүшелері қойған балдардың қосындысы ретінде айқындалады.

7.7. Әрбір номинация бойынша ең көп ұпай жинаған қатысушы жеңімпаз деп танылады.

7.8. Қорытынды ұпайлар тең болған жағдайда шешім комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

 

  1. Жеңімпаздарды айқындау және марапаттау

8.1. Конкурс жеңімпаздары әрбір номинация бойынша Конкурстық комиссияның шешімі негізінде айқындалады.

8.2. Жеңімпаздарға дипломдар мен естелік марапаттар табысталады.

8.3. Ұйымдастырушының шешімі бойынша жекелеген жетістіктері үшін арнайы жүлделер мен алғыс хаттар тағайындалуы мүмкін.

8.4. Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі 2026 жылғы 26 қыркүйекте Дүниежүзілік туризм күніне арналған іс-шара аясында Өскемен қаласының Сол жағалау кешенінде өтеді.

 

  1. Ақпараттық сүйемелдеу

9.1. Конкурсты өткізу туралы ақпарат, қатысу шарттары, номинациялар және өтінімдерді беру мерзімдері ресми интернет-ресурстарда және ұйымдастырушының әлеуметтік желілердегі парақшаларында орналастырылады.

9.2. Конкурс жеңімпаздары және марапаттау рәсімі туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және ұйымдастырушының ресми интернет-ресурстарында орналастырылуы мүмкін.

 

  1. Қорытынды ережелер

10.1. Ұйымдастырушы өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу құқығын өзіне қалдырады.

10.2. Конкурсқа қатысу ерікті болып табылады.

10.3. Өтінім беру қатысушының осы Ереженің талаптарымен келісетінін білдіреді.

10.4. Конкурстық комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді және Конкурс жеңімпаздарын айқындауға негіз болып табылады.

10.5. Осы Ережеде реттелмеген мәселелерді ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешеді.

 

 

2026 жылы Шығыс Қазақстан облысында

Дүниежүзілік туризм күніне орай

конкурсты өткізу туралы Ережеге

1-қосымша

 

«ШҚО үздік қонақ үйі 2026» номинациясы бойынша

конкурс қатысушыларын бағалаудың

ЧЕК-ПАРАҒЫ

 

Нысанның жалпы сипаттамасы, 40 ұпай

Бағалау критерийі

Көрсеткіш

Ұпай

1

Заңдылық және ресми қызмет

 

10

1.1

Қызметті мемлекеттік тіркеу

Нысанның қызметін жүзеге асыратын ЖК, ЖШС немесе өзге де заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені туралы талонның/хабарламаның болуы

4

1.2

2025 жылғы салық аударымдары

2025 жылғы салық аударымдарын растайтын құжаттың болуы. Салық аударымдарының көлемі есепке алынбайды.

3

1.3

2026 жылғы салық аударымдары

2025 жылғы салық аударымдарын растайтын құжаттың болуы. Салық аударымдарының көлемі есепке алынбайды.

3

2

Туристік және цифрлық платформалардағы өкілдігі

 

8

2.1

Kaspi Travel

Нысанның өзекті карточкасының болуы

2

2.2

Booking.com

Нысанның өзекті карточкасының болуы

1

2.3

Басқа брондау платформалары

Басқа брондау платформаларында нысанның өзекті карточкасының болуы

1

2.4

2GIS

Нысанның өзекті карточкасының болуы

1

2.5

Яндекс Карты

Нысанның өзекті карточкасының болуы

1

2.6

Google Maps

Нысанның өзекті карточкасының болуы

1

2.7

Өзекті фотосуреттер

Цифрлық платформаларда нысанның өзекті фотосуреттерінің болуы

1

3

Ақпараттық ілгерілету

 

5

3.1

Әлеуметтік желілер

Әлеуметтік желілерде нысанның жұмыс істеп тұрған парақшасының болуы

1

3.2

Жарияланымдардың тұрақтылығы

Соңғы 6 ай ішінде нысан туралы тұрақты жарияланымдардың болуы

2

3.3

Фото- және бейнематериалдар

Нысан мен ұсынылатын қызметтер туралы өзекті фото- және бейнематериалдарды орналастыру

1

3.4

Қызметтер туралы ақпарат

Қызметтер, тұру шарттары және олардың құны туралы өзекті ақпаратты орналастыру

1

4

Қауіпсіздік

 

3

4.1

Бейнебақылау

Бейнебақылау жүйесінің болуы

1

4.2

Алғашқы көмек

Алғашқы медициналық көмек қобдишасының болуы

1

4.3

Қауіпсіздік туралы ақпарат

Қонақтар үшін қауіпсіздік ережелері туралы ақпараттың болуы

1

5

Жыл бойғы қызмет

 

4

5.1

Қысқы кезең

Нысанның қысқы кезеңдегі нақты жұмысы

1

5.2

Көктем кезеңі

Нысанның көктемгі кезеңдегі нақты жұмысы

1

5.3

Жазғы кезең

Нысанның жазғы кезеңдегі нақты жұмысы

1

5.4

Күзгі кезең

Нысанның күзгі кезеңдегі нақты жұмысы

1

6

Мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділік

 

5

6.1

Кіреберіс

Нысанға бөгетсіз кіреберістің болуы

2

6.2

Санитарлық торап

Бейімделген санитарлық тораптың болуы

2

6.3

Қолжетімді ортаның өзге де элементтері

Қолжетімді ортаның өзге де элементтерінің болуы

1

7

Санитарлық-тұрмыстық жағдайлар

 

4

7.1

Санитарлық тораптар

Санитарлық тораптардың тікелей орналастыру нысанының ғимаратында болуы

2

7.2

Душ бөлмелері

Душ бөлмелерінің тікелей орналастыру нысанының ғимаратында болуы

2

 

БАРЛЫҒЫ

 

40

Ескертпе: әрбір көрсеткіш бойынша бағалау конкурсқа қатысушы ұсынған растайтын материалдар болған кезде, сондай-ақ фото -, бейнематериалдар және ашық көздерден алынған ақпарат негізінде жүзеге асырылады. Көрсеткішке сәйкестікті растау болмаған кезде ол бойынша ұпайлар есептелмейді.

 

Қонақ үйдің мамандандырылған сипаттамасы, 60 ұпай

Бағалау критерийі

Көрсеткіш

Ұпай

1

Қонақтарды орналастыру шарттары

 

20

1.1

Нысанның сыйымдылығы

5 орынға дейін

3

 

 

6-10 орын

4

 

 

11-15 орын

5

 

 

15-тен астам орын

6

1.2

Орналастырудың әртүрлілігі

Қонақтарға арналған екі немесе одан да көп бөлек бөлмелер/орналастыру нұсқалары бар

2

1.3

Үй-жайдағы санитарлық торап

Қонақтарға ұсынылатын тұрғын үй-жайдың ішінде санитарлық тораптың болуы

4

1.4

Үй-жайдағы душ бөлмесі

Қонақтарға ұсынылатын тұрғын үй-жайдың ішінде душ бөлмесінің болуы

4

1.5

Төсек-орын жабдықтары

Қонақтарға тұрақты түрде ауыстырылып отыратын төсек-орын тыстары жиынтығын ұсыну

2

1.6

Қонақтар кеңістігінің оқшаулануы

Қонақтарға арналған үй-жайлар мен иелердің жеке тұрғын аймағынан физикалық түрде бөлек (оқшауланған) болуы

2

2

Қонақтардың тұрмысын ұйымдастыру

 

12

2.1

Қонақтарға арналған асүй

Жеке асүйдің немесе тамақты өзі дайындауға арналған жабдықталған орынның болуы

3

2.2

Тоңазытқыш

Қонақтарға еркін қолжетімді жерде тоңазытқыштың болуы

2

2.3

Кір жуу

Қонақтардың киімдері мен жеке заттарын жуу мүмкіндігі

2

2.4

Ауыз су

Қонақтар үшін еркін қол жетімді ауыз судың болуы

3

2.5

Қонақтардың өз бетінше кіріп-шығуы

Қонақтардың ұсынылған үй-жайлар мен аумаққа өз бетінше (еркін) қатынау мүмкіндігі

2

3

Қонақтардың демалысына арналған аумақты абаттандыру

 

8

3.1

Аумақтағы демалыс аймағы

Ашық аспан астында қонақтардың демалуы үшін күркемен, верандамен, террасамен, мангалмен және/немесе басқа да элементтермен жабдықталған демалыс аймағының болуы

5

3.2

Демалыстың қосымша элементтері

Гамак, әткеншек, от жағатын орын және демалыстың басқа да элементтерінің болуы

3

4

Ауылдық тұрмыс салты және жергілікті ерекшелік

 

12

4.1

Жергілікті тұрмыс элементтері

Үйді безендіруде дәстүрлі тұрмыс заттарын, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын және жергілікті мәдениеттің басқа да элементтерін пайдалану

3

4.2

Жеке шаруашылық және ауылдық тұрмыс салтына қатысу

Туристерге онымен танысуға және/немесе ауыл шаруашылығы мен басқа да дәстүрлі кәсіптерге қатысуға мүмкіндік беретін жеке қосалқы шаруашылықтың болуы

4

4.3

Дәстүрлі тағамдар

Қонақ үй иелері дайындаған дәстүрлі тағамдар мен тағамдармен танысу мүмкіндігі

3

4.4

Жеке шаруашылық өнімдері

Жеке шаруашылық өнімдерін сатып алу немесе олардан дәм тату мүмкіндігі

2

5

Қосымша қызметтер

 

8

5.1

Монша

Қонақтарға арналған моншаның болуы

3

5.2

Трансфер

Қонақтарға трансфер ұсыну

2

5.3

Атқа міну

Атқа міну мүмкіндігін беру

3

 

БАРЛЫҒЫ

 

60

 

 

2026 жылы Шығыс Қазақстан облысында

Дүниежүзілік туризм күніне орай

конкурсты өткізу туралы Ережеге

2-қосымша

 

«ШҚО үздік демалыс базасы 2026» номинациясы бойынша

конкурс қатысушыларын бағалаудың

ЧЕК-ПАРАҒЫ

 

Нысанның жалпы сипаттамасы, 40 ұпай

Бағалау критерийі

Көрсеткіш

Ұпай

1

Заңдылық және ресми қызмет

 

10

1.1

Қызметті мемлекеттік тіркеу

Нысанның қызметін жүзеге асыратын ЖК, ЖШС немесе өзге де заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені туралы талонның/хабарламаның болуы

4

1.2

2025 жылғы салық аударымдары

2025 жылғы салық аударымдарын растайтын құжаттың болуы. Салық аударымдарының көлемі есепке алынбайды.

3

1.3

2026 жылғы салық аударымдары

2025 жылғы салық аударымдарын растайтын құжаттың болуы. Салық аударымдарының көлемі есепке алынбайды.

3

2

Туристік және цифрлық платформалардағы өкілдігі

 

8

2.1

Kaspi Travel

Нысанның өзекті карточкасының болуы

2

2.2

Booking.com

Нысанның өзекті карточкасының болуы

1

2.3

Басқа брондау платформалары

Басқа брондау платформаларында нысанның өзекті карточкасының болуы

1

2.4

2GIS

Нысанның өзекті карточкасының болуы

1

2.5

Яндекс Карты

Нысанның өзекті карточкасының болуы

1

2.6

Google Maps

Нысанның өзекті карточкасының болуы

1

2.7

Өзекті фотосуреттер

Цифрлық платформаларда нысанның өзекті фотосуреттерінің болуы

1

3

Ақпараттық ілгерілету

 

5

3.1

Әлеуметтік желілер

Әлеуметтік желілерде нысанның жұмыс істеп тұрған парақшасының болуы

1

3.2

Жарияланымдардың тұрақтылығы

Соңғы 6 ай ішінде нысан туралы тұрақты жарияланымдардың болуы

2

3.3

Фото- және бейнематериалдар

Нысан мен ұсынылатын қызметтер туралы өзекті фото- және бейнематериалдарды орналастыру

1

3.4

Қызметтер туралы ақпарат

Қызметтер, тұру шарттары және олардың құны туралы өзекті ақпаратты орналастыру

1

4

Қауіпсіздік

 

3

4.1

Бейнебақылау

Бейнебақылау жүйесінің болуы

1

4.2

Алғашқы көмек

Алғашқы медициналық көмек қобдишасының болуы

1

4.3

Қауіпсіздік туралы ақпарат

Қонақтар үшін қауіпсіздік ережелері туралы ақпараттың болуы

1

5

Жыл бойғы қызмет

 

4

5.1

Қысқы кезең

Нысанның қысқы кезеңдегі нақты жұмысы

1

5.2

Көктем кезеңі

Нысанның көктемгі кезеңдегі нақты жұмысы

1

5.3

Жазғы кезең

Нысанның жазғы кезеңдегі нақты жұмысы

1

5.4

Күзгі кезең

Нысанның күзгі кезеңдегі нақты жұмысы

1

6

Мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділік

 

5

6.1

Кіреберіс

Нысанға бөгетсіз кіреберістің болуы

2

6.2

Санитарлық торап

Бейімделген санитарлық тораптың болуы

2

6.3

Қолжетімді ортаның өзге де элементтері

Қолжетімді ортаның өзге де элементтерінің болуы

1

7

Санитарлық-тұрмыстық жағдайлар

 

4

7.1

Санитарлық тораптар

Санитарлық тораптардың тікелей орналастыру нысанының ғимаратында болуы

2

7.2

Душ бөлмелері

Душ бөлмелерінің тікелей орналастыру нысанының ғимаратында болуы

2

 

БАРЛЫҒЫ

 

40

Ескертпе: әрбір көрсеткіш бойынша бағалау конкурсқа қатысушы ұсынған растайтын материалдар болған кезде, сондай-ақ фото -, бейнематериалдар және ашық көздерден алынған ақпарат негізінде жүзеге асырылады. Көрсеткішке сәйкестікті растау болмаған кезде ол бойынша ұпайлар есептелмейді.

 

Демалыс базасының мамандандырылған сипаттамасы, 60 ұпай

Бағалау критерийі

Көрсеткіш

Ұпай

1

Орналастыру шарттары мен әртүрлілігі

 

10

1.1

Демалыс базасының сыйымдылығы

20 орынға дейін – 2 ұпай; 21-50 орынға – 3 ұпай; 51-100 орынға – 4 ұпай; 100 орынға – 5 ұпай

5

1.2

Орналастыру нұсқаларының әртүрлілігі

Екі және одан да көп орналастыру түрлерінің болуы (бөлмелер, үйлер, коттедждер және т. б.)

3

1.3

Жоғары жайлылық нөмірлері

«Комфорт» және одан жоғары класс нөмірлерінің болуы

2

2

Тамақтануды ұйымдастыру

 

15

2.1

Таңғы ас

Таңғы аспен тамақтануды ұйымдастыру

10

2.2

Күніне екі рет тамақтандыру

Таңғы ас пен түскі немесе кешкі асты ұйымдастыру

12

2.3

Күніне үш рет тамақтандыру

Таңғы ас, түскі және кешкі ас ұйымдастыру

15

3

Демалыс инфрақұрылымы

 

20

3.1

Аумақтағы демалыс аймақтары

Ашық аспан астында қонақтардың демалуы үшін күркемен, верандамен, террасамен, мангалмен және/немесе басқа да элементтермен жабдықталған демалыс аймағының болуы

8

3.2

Монша/сауна

Моншаның, саунаның және/немесе демалуға және сауықтыруға арналған өзге де объектілердің болуы

4

3.3

Су демалысы

Аумақта су айдынының, жағажайдың, су мүкәммалын жалға алудың және/немесе бассейннің жанында жабдықталған демалыс аймағының болуы

4

3.4

Автотұрақ

Қонақтар үшін ұйымдастырылған автотұрақтың болуы

4

4

Қосымша қызметтер

 

15

4.1

Жабдықтарды жалға беру

Қонақтарға туристік, спорттық және/немесе басқа да құрал-саймандарды жалға беру

5

4.2

Трансфер

Қонақтарға трансфер ұсыну

4

4.3

Қысқы демалыс

Қысқы кезеңде демалуға арналған қызметтер мен инфрақұрылымның болуы

6

 

БАРЛЫҒЫ

 

60

 

 

2026 жылы Шығыс Қазақстан облысында

Дүниежүзілік туризм күніне орай

конкурсты өткізу туралы Ережеге

3-қосымша

 

«ШҚО сауықтыру объектісі 2026» номинациясы бойынша

конкурс қатысушыларын бағалаудың

ЧЕК-ПАРАҒЫ

 

Нысанның жалпы сипаттамасы, 40 ұпай

Бағалау критерийі

Көрсеткіш

Ұпай

1

Заңдылық және ресми қызмет

 

10

1.1

Қызметті мемлекеттік тіркеу

Нысанның қызметін жүзеге асыратын ЖК, ЖШС немесе өзге де заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені туралы талонның/хабарламаның болуы

4

1.2

2025 жылғы салық аударымдары

2025 жылғы салық аударымдарын растайтын құжаттың болуы. Салық аударымдарының көлемі есепке алынбайды.

3

1.3

2026 жылғы салық аударымдары

2025 жылғы салық аударымдарын растайтын құжаттың болуы. Салық аударымдарының көлемі есепке алынбайды.

3

2

Туристік және цифрлық платформалардағы өкілдігі

 

8

2.1

Kaspi Travel

Нысанның өзекті карточкасының болуы

2

2.2

Booking.com

Нысанның өзекті карточкасының болуы

1

2.3

Басқа брондау платформалары

Басқа брондау платформаларында нысанның өзекті карточкасының болуы

1

2.4

2GIS

Нысанның өзекті карточкасының болуы

1

2.5

Яндекс Карты

Нысанның өзекті карточкасының болуы

1

2.6

Google Maps

Нысанның өзекті карточкасының болуы

1

2.7

Өзекті фотосуреттер

Цифрлық платформаларда нысанның өзекті фотосуреттерінің болуы

1

3

Ақпараттық ілгерілету

 

5

3.1

Әлеуметтік желілер

Әлеуметтік желілерде нысанның жұмыс істеп тұрған парақшасының болуы

1

3.2

Жарияланымдардың тұрақтылығы

Соңғы 6 ай ішінде нысан туралы тұрақты жарияланымдардың болуы

2

3.3

Фото- және бейнематериалдар

Нысан мен ұсынылатын қызметтер туралы өзекті фото- және бейнематериалдарды орналастыру

1

3.4

Қызметтер туралы ақпарат

Қызметтер, тұру шарттары және олардың құны туралы өзекті ақпаратты орналастыру

1

4

Қауіпсіздік

 

3

4.1

Бейнебақылау

Бейнебақылау жүйесінің болуы

1

4.2

Алғашқы көмек

Алғашқы медициналық көмек қобдишасының болуы

1

4.3

Қауіпсіздік туралы ақпарат

Қонақтар үшін қауіпсіздік ережелері туралы ақпараттың болуы

1

5

Жыл бойғы қызмет

 

4

5.1

Қысқы кезең

Нысанның қысқы кезеңдегі нақты жұмысы

1

5.2

Көктем кезеңі

Нысанның көктемгі кезеңдегі нақты жұмысы

1

5.3

Жазғы кезең

Нысанның жазғы кезеңдегі нақты жұмысы

1

5.4

Күзгі кезең

Нысанның күзгі кезеңдегі нақты жұмысы

1

6

Мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділік

 

5

6.1

Кіреберіс

Нысанға бөгетсіз кіреберістің болуы

2

6.2

Санитарлық торап

Бейімделген санитарлық тораптың болуы

2

6.3

Қолжетімді ортаның өзге де элементтері

Қолжетімді ортаның өзге де элементтерінің болуы

1

7

Санитарлық-тұрмыстық жағдайлар

 

4

7.1

Санитарлық тораптар

Санитарлық тораптардың тікелей орналастыру нысанының ғимаратында болуы

2

7.2

Душ бөлмелері

Душ бөлмелерінің тікелей орналастыру нысанының ғимаратында болуы

2

 

БАРЛЫҒЫ

 

40

Ескертпе: әрбір көрсеткіш бойынша бағалау конкурсқа қатысушы ұсынған растайтын материалдар болған кезде, сондай-ақ фото -, бейнематериалдар және ашық көздерден алынған ақпарат негізінде жүзеге асырылады. Көрсеткішке сәйкестікті растау болмаған кезде ол бойынша ұпайлар есептелмейді.

 

Сауықтыру объектісінің мамандандырылған сипаттамасы, 60 ұпай

Бағалау критерийі

Көрсеткіш

Ұпай

1

Орналастыру шарттары мен әртүрлілігі

 

10

1.1

Демалыс базасының сыйымдылығы

20 орынға дейін – 2 ұпай; 21-30 орынға – 3 ұпай; 31-40 орынға – 4 ұпай; 41-50 орынға – 5 ұпай

5

1.2

Орналастыру нұсқаларының әртүрлілігі

Екі және одан да көп орналастыру түрлерінің болуы (бөлмелер, үйлер, коттедждер және т. б.)

3

1.3

Жоғары жайлылық нөмірлері

«Комфорт» және одан жоғары класс нөмірлерінің болуы

2

2

Медициналық және сауықтыру мамандануы

 

20

2.1

Медициналық қызметке арналған лицензия

Лицензияға қосымшасы бар медициналық қызметті жүзеге асыруға қолданыстағы лицензияның болуы

5

2.2

Медициналық мамандану

Лицензияның қосымшасында медициналық оңалту, қалпына келтіріп емдеу, физиотерапия, массаж, емдік дене шынықтыру, курортология және/немесе табиғи текті құралдармен емдеу саласындағы медициналық қызметтің тиісті кіші түрлерінің болуы

5

2.3

Пантомен емдеу

Көрсетілетін қызметтер тізбесінде нысанның құжаттарымен және медициналық қызметтің тиісті бейінімен расталған маралмен емдеудің болуы

5

2.4

Сауықтыру қызметтерінің кешенділігі

Лицензияда және/немесе оларды көрсетуді растайтын құжаттарда көрсетілген медициналық/сауықтыру қызметтерінің екі және одан да көп қосымша түрлерінің болуы

3

2.5

Медициналық сүйемелдеу

Штатта немесе медициналық ұйыммен жасалған шарт негізінде тиісті бейіндегі медицина мамандарының болуы

2

3

Тамақтануды ұйымдастыру

 

15

3.1

Таңғы ас

Таңғы аспен тамақтануды ұйымдастыру

10

3.2

Күніне екі рет тамақтандыру

Таңғы ас пен түскі немесе кешкі асты ұйымдастыру

12

3.3

Күніне үш рет тамақтандыру

Таңғы ас, түскі және кешкі ас ұйымдастыру

15

4

Демалыс және сауықтыру инфрақұрылымы

 

10

4.1

Аумақтағы демалыс аймақтары

Ашық аспан астында қонақтардың демалуы үшін күркемен, верандамен, террасамен, мангалмен және/немесе басқа да элементтермен жабдықталған демалыс аймағының болуы

3

4.2

Монша/сауна

Моншаның, саунаның және/немесе демалуға және сауықтыруға арналған өзге де объектілердің болуы

3

4.3

Автотұрақ

Қонақтар үшін ұйымдастырылған автотұрақтың болуы

2

4.4

Аумақтың қол жетімділігі

Қонақтар үшін абаттандырылған аумақтың және жабдықталған демалыс аймақтарының болуы

2

5

Қосымша қызметтер

 

5

5.1

Трансфер

Қонақтарға трансфер ұсыну

2

5.2

Жыл бойғы қызмет

Қысқы кезеңде сауықтыру қызметтерін көрсету

3

 

БАРЛЫҒЫ

 

60

 

 

2026 жылы Шығыс Қазақстан облысында

Дүниежүзілік туризм күніне орай

конкурсты өткізу туралы Ережеге

4-қосымша

 

«ШҚО үздік туроператоры 2026» номинациясы бойынша

конкурс қатысушыларын бағалаудың

ЧЕК-ПАРАҒЫ

 

Бағалау критерийі

Көрсеткіш

Ұпай

1

Экономикалық қызмет

 

15

1.1

2025 жылғы салық аударымдары

2025 жылға салық аударымдарын растаудың болуы

5

1.2

2026 жылғы салық аударымдары

2026 жылға салық аударымдарын растаудың болуы

5

1.3

Туроператорлық қызметті жүзеге асыру мерзімі

1 жылға дейін – 1; 1 жылдан 3 жылға дейін –2; 3 жылдан 5 жылға дейін – 3; 5 жылдан астам – 5

5

2

ШҚО туристік аумақтарын қамту

 

25

2.1

Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарагай

Осы бағыт бойынша қалыптастырылған туристік өнімдердің болуы

7

2.2

Глубокое – Шемонаиха – Риддер

Осы бағыт бойынша қалыптастырылған туристік өнімдердің болуы

6

2.3

Күршім – Марқакөл – Зайсан – Тарбағатай

Осы бағыт бойынша қалыптастырылған туристік өнімдердің болуы

6

2.4

Өскемен – Ұлан – Самар

Осы бағыт бойынша қалыптастырылған туристік өнімдердің болуы

6

3

Туристік өнімдердің маусымдылығы

 

15

3.1

Қысқы кезең

Қысқы кезеңде іске асыруға арналған туристік өнімдердің болуы

5

3.2

Көктем кезеңі

Көктемгі кезеңде іске асыруға арналған туристік өнімдердің болуы

3

3.3

Жазғы кезең

Жазғы кезеңде іске асыруға арналған туристік өнімдердің болуы

4

3.4

Күзгі кезең

Күзгі кезеңде іске асыруға арналған туристік өнімдердің болуы

3

4

Ақпараттық және цифрлық ілгерілету

 

45

4.1

Веб-сайт

Жоқ – 0 ұпай; туроператор туралы жалпы ақпараты бар сайттың болуы – 3 ұпай; туристік өнімдер, бағыттар мен қызметтер туралы ақпарат орналастырылған – 6 ұпай; сайтта өнімдер, олардың құны, мерзімдері, сатып алу шарттары туралы өзекті ақпарат бар және ол тұрақты түрде жаңартылып отырады – 8 ұпай.

8

4.2

Әлеуметтік желілердегі жарияланымдардың тұрақтылығы

2026 жылы 1-5 жарияланым – 2 ұпай; 6-10 жарияланым – 4 ұпай; 11-20 жарияланым – 6 ұпай; 21-30 жарияланым — 8 ұпай; 30-дан астам жарияланым – 10 ұпай.

10

4.3

Әлеуметтік желілердегі фото- және бейнематериалдар

ШҚО-ның туристік өнімдері мен объектілері туралы фотосуреттердің болуы –2; фотосуреттер мен бейнематериалдардың болуы – 4; 2026 жыл бойы өзекті фото- және бейнематериалдарды тұрақты түрде орналастыру – 6

6

4.4

Әлеуметтік желілердегі туристік өнімдер туралы ақпарат

Жалпы ақпарат ұсынылған – 2; маршрут пен бағдарлама көрсетілген – 4; қосымша құны мен мерзімдері көрсетілген – 6; сатып алу/брондау шарттарын қоса алғанда, толық өзекті ақпарат ұсынылған – 8

8

4.5

Әлеуметтік желілердің аудиториясы

(1 000-ға дейін жазылушы – 2; 1 001–5 000 – 4; 5 001–10 000 – 6; 10 000-нан астам – 8

8

4.6

ШҚО туристік өнімдерін әлеуметтік желілерде ұсыну

ШҚО туристік өнімдері туралы жекелеген жарияланымдар – 1; бірнеше бағыт бойынша туристік өнімдерді тұрақты ұсыну – 3; ШҚО-ның туристік өнімдерін, маршруттарын және туристік мүмкіндіктерін жүйелі түрде ұсыну – 5

5

 

БАРЛЫҒЫ

 

100

 

2026 жылы Шығыс Қазақстан облысында

Дүниежүзілік туризм күніне орай

конкурсты өткізу туралы Ережеге

5-қосымша

 

«ШҚО туризм саласындағы үздік блогері 2026» номинациясы

бойынша конкурс қатысушыларын бағалаудың

ЧЕК-ПАРАҒЫ

 

Бағалау критерийі

Көрсеткіш

Ұпай

1

Блогер аудиториясы

 

25

1.1

Жазылушылар саны

1000-нан 3000-ға дейін жазылушы

5

 

 

3 001-ден 5 000-ға дейін жазылушы

8

 

 

5 001-ден 10 000-ға дейін жазылушы

12

 

 

10 001-ден 20 000-ға дейін жазылушы

16

 

 

20 001-ден 30 000-ға дейін жазылушы

19

 

 

30 001-ден 50 000-ға дейін жазылушы

22

 

 

50 000-нан астам жазылушы

25

2

Жарияланымдардың қаралым саны

 

40

2.1

Туризм туралы жарияланымдардың қаралым саны

50 000-нан 100 000-ға дейін қаралым

10

 

 

100 001-ден 200 000-ға дейін қаралым

15

 

 

200 001-ден 300 000-ға дейін қаралым

20

 

 

300 001-ден 500 000-ға дейін қаралым

25

 

 

500 001-ден 700 000-ға дейін қаралым

30

 

 

700 001-ден 1 000 000-ға дейін қаралым

35

 

 

1 000 000-нан астам қаралым

40

3

Жарияланымдардың тұрақтылығы

 

20

3.1

Айына туризм туралы жарияланымдардың орташа саны

Айына 8-ден 11-ге дейін жарияланым

5

 

 

Айына 12-ден 15-ке дейін жарияланым

8

 

 

Айына 16-дан 19-ға дейін жарияланым

11

 

 

Айына 20-дан 23-ке дейін жарияланым

14

 

 

Айына 24-тен 27-ге дейін жарияланым

17

 

 

Айына 28 және одан да көп жарияланым

20

4

Туризм мәселелерін мазмұнды жариялау

 

15

4.1

ШҚО-ның туристік әлеуетін насихаттау

Жарияланымдар Шығыс Қазақстан облысының туристік аумақтарын, объектілерін, бағыттарын және туристік мүмкіндіктерін насихаттауға бағытталған

8

4.2

Туризмді дамыту мәселелерін жариялау

Жарияланымдар туристік инфрақұрылымды дамыту, туристік қызметтердің сапасы, саланың түйткілді мәселелері, іске асырылып жатқан жобалар мен туризмді дамыту жөніндегі ұсыныстар мәселелеріне арналған

7

 

БАРЛЫҒЫ

 

100

 

 

2026 жылы Шығыс Қазақстан облысында

Дүниежүзілік туризм күніне орай

конкурсты өткізу туралы Ережеге

6-қосымша

 

«Туризмді дамыту мәселелерін белсенді жариялағаны үшін»

номинациясы бойынша конкурс қатысушыларын бағалаудың

ЧЕК-ПАРАҒЫ

 

Бағалау критерийі

Көрсеткіш

Ұпай

1

БАҚ аудиториясы

 

20

1.1

Жазылушылар саны

1000-нан 5000-ға дейін жазылушы

4

 

 

5 001-ден 10 000-ға дейін жазылушы

7

 

 

10 001-ден 25 000-ға дейін жазылушы

10

 

 

25 001-ден 50 000-ға дейін жазылушы

14

 

 

50 001-ден 100 000-ға дейін жазылушы

17

 

 

100 000-нан астам жазылушы

20

2

Материалдардың қаралым саны

 

40

2.1

Туризм туралы жарияланымдардың қаралым саны

10 000-нан 25 000-ға дейін қаралым

10

 

 

25 001-ден 50 000-ға дейін қаралым

15

 

 

50 001-ден 100 000-ға дейін қаралым

20

 

 

100 001-ден 250 000-ға дейін қаралым

25

 

 

250 001-ден 500 000-ға дейін қаралым

30

 

 

500 001-ден 1 000 000-ға дейін қаралым

35

 

 

1 000 000-нан астам қаралым

40

3

Жарияланымдардың тұрақтылығы

 

20

3.1

Айына туризм туралы жарияланымдардың орташа саны

Айына 8-ден 11-ге дейін жарияланым

5

 

 

Айына 12-ден 15-ке дейін жарияланым

8

 

 

Айына 16-дан 19-ға дейін жарияланым

11

 

 

Айына 20-дан 23-ке дейін жарияланым

14

 

 

Айына 24-тен 27-ге дейін жарияланым

17

 

 

Айына 28 және одан да көп жарияланым

20

4

Туризм мәселелерін мазмұнды жариялау

 

20

4.1

ШҚО-ның туристік әлеуетін насихаттау

Жарияланымдар Шығыс Қазақстан облысының туристік аумақтарын, объектілерін, бағыттарын және туристік мүмкіндіктерін насихаттауға бағытталған

10

4.2

Туризмді дамыту мәселелерін жариялау

Жарияланымдар туристік инфрақұрылымды дамыту, туристік қызметтердің сапасы, саланың түйткілді мәселелері, іске асырылып жатқан жобалар мен туризмді дамыту жөніндегі ұсыныстар мәселелеріне арналған

10

 

БАРЛЫҒЫ

 

100

 

Дата публикации
11 сентября 2026