Мектебімізде табиғатты аялауға бағытталған игі іс-шара өтті. Эко-челлендж аясында мектеп түлектері білім ордасының аумағына ағаш көшеттерін отырғызды.
Бұл бастама – туған мектепке деген құрмет пен қоршаған ортаға деген жауапкершіліктің жарқын көрінісі. Түлектер өз қолдарымен отырғызған әрбір ағаш – болашаққа қалдырылған ізгі мұра.
Осындай игі істер арқылы жас ұрпаққа табиғатты қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында үлгі көрсетілді.
Бүгін отырғызылған ағаш – ертеңгі ұрпаққа саялы бақ!