Іс-шара барысында қатысушылар мектеп аумақтарын тазалап, қоқыстарды жинау жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ бұталарды кесу және санитарлық ретке келтіру жұмыстарын атқарды. Атқарылған жұмыстар қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсартуға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және өскелең ұрпақты табиғатты аялауға тәрбиелеуге бағытталды.