Дмитриевка ауылында сайлаушылармен кездесу өтті

Дмитриевка ауылында сайлаушылармен кездесу өтті

Депутаттар мен сайлаушылар арасындағы өзара іс-қимыл аясында жергілікті тұрғындармен кездесулер жалғасуда. Бүгін аудандық мәслихаттың депутаты Мұстафин С.С. 2024 жылға арналған депутаттық қызметі туралы есеп беру үшін Дмитриевка ауылындағы сайлаушылармен кездесті.

Кездесуге аудандық мәслихаттың төрайымы Асанова А.С. қатысып, мәслихатта атқарылып жатқан жұмыстар туралы, есепті кезеңде сессиялар мен тұрақты комиссия отырыстарында қандай мәселелер қаралғаны және ағымдағы жылға қандай жоспарлар бар екені жөнінде айтып берді.

Мұстафин С.С. есепті кезеңде атқарылған жұмыстар туралы мәлімет бергеннен кейін, ауыл тұрғындары бірқатар шешімін күткен мәселелерді көтерді. Депутат тұрғындар тарапынан айтылған барлық ұсыныстарды бақылауға алып, тиісті жергілікті атқарушы органдарға депутаттық сауалдар жолданатынын жеткізді.

— Мен өзімнің сайлау округімнің белсенді де бейжай қарамайтын тұрғындарына, проблемалық тұстарды көрсетіп, қолайлы өмір сүру жағдайларын жасауға қатысты орынды ұсыныстар білдірген барлық азаматтарға алғысымды білдіремін. Атап айтқанда, медициналық пунктті жөндеу мәселесі бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Менің депутаттық қызметімдегі басты басымдық — сайлаушылардың аманаттарын орындау болып қала береді. Бұл дегеніміз – кездесуде көтерілген барлық мәселелер мен тілектер менің жеке бақылауыма алынды деген сөз – деп атап өтті Сабыр Советұлы.