Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасуынан бастау алған жергілікті өкілді билік органдары – мәслихаттар 30 жылдық мерейтойын атап өтуде.
Тимирязев аудандық мәслихаты үшін оның құрылу тарихы I шақырылымның бірінші сессиясы өткен күн – 1994 жылғы 31 наурыздан бастап есептеледі.
Отыз жыл – тарих үшін қас қағым сәт болғанымен, бүкіл республика үшін маңызды кезең. Осы жылдар ішінде халық қалаулылары елмен бірге өркендеу мен дағдарыс кезеңдерін бастан өткеріп, демократияны нығайтуда, аймақтық экономиканы дамытуда және халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарды.
Бірінші шақырылым депутаттары облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін берді. Бұл кезеңдер ел экономикасының тұрақтануымен, өңірдің ауыл шаруашылығы мен индустриялық-инновациялық дамуына; энергетиканы, жалпы инфрақұрылымды және тұрғын үй жүйесін дамытуға; тәртіп, қоғамдық келісім, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін — өзі басқару мәселелері бойынша әлеуметтік бағдарланған салалар мен құқықтық аспектілерді, экономика, бюджет және қаржы мәселелерін дамытуға бағытталған түбегейлі өзгерістермен сәйкес келді.
Біз Тимирязев аудандық мәслихатының алдыңғы шақырылымдарының депутаттары жайлы үлкен құрметпен және мақтанышпен айта аламыз: А.А. Анненков (аудандық мәслихаттың бірінші төрт шақырылымының хатшысы), Ғ.С. Шаяхметов (төртінші шақырылымның хатшысы), С.С. Мұстафин (аудандық мәслихаттың бесінші, алтыншы шақырылымдарының хатшысы), А.С. Асанова. (жетінші және сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихат төрағасы), В.А. Мицих, Қ.Ә. Сапулатов, Б.Д. Дүйсембаев, В.А. Жебровский, Е.О. Қоқанов, С.А. Жүкеев, В.К. Чигиринских, Ж.Ә. Жантоқов, И.М. Аллахяров, А.Г. Габова, А.Д. Барамидзе, Б.Ә. Наурызбаев, Н.И. Никитенко, А.А. Косов, Р.Т. Кушбасова, Н.З. Алиев, Г.М. Воробьева, Ә.К. Мырзалина және басқалар.
Қазіргі депутаттар: Н.А. Усенков, Е.Н. Никитенко, С.С. Мұстафин, М.А. Уәйісов, Е.С. Нұрахметов, А.В. Кашин, А.С. Асанова, С.Е. Оқанов, Р.Б. Даирова. Мәслихат жұмысында олардың ерекше, креативті ойлауымен жаңа тәсілдер мен үрдістер енгізілуде. Өткен шақырылымдардың әрбір депутаты өз сайлаушыларының мәселелерін шешуге тырысты. Ең бастысы – олардың әрқайсысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосты.
2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көппартиялық жүйені жетілдіру және саяси партияларды ынталандыру жөніндегі саяси бастамаларының бірінші пакеті шеңберінде Қазақстанның саяси жүйесін реформалау басталды.
«Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы саяси партияларды құру үшін тіркеу талабын 40 мыңнан 20 мың адамға дейін төмендетуді көздеді. Бұл шара жаңа саяси партиялардың құрылуына түрткі болды. «Сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар үшін тиісті партиялық тізімдерде 30 пайыздық квота белгіленді.
Бұл жаңашылдық алғаш рет 2021 жылғы 10 қаңтарда өткен ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау барысында қолданылды.
Елде ауқымды саяси өзгерістер орын алды. Референдумды қоса алғанда, бір жылға жуық уақыт ішінде өте маңызды бес саяси науқан өтті. Қабылданған шаралар билік тармақтары арасындағы оңтайлы тепе — теңдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Ел күшті парламенті бар президенттік республиканың моделіне көшті. Адам құқықтарын қорғау саласында маңызды қадамдар жасалды. Азаматтардың мемлекеттік шешімдер қабылдауға қатысу мүмкіндіктері кеңейтілді. Қоғамның саяси мәдениеті сапалы жаңа деңгейге көтерілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, елдің саяси жүйесі «Күшті Президент — ықпалды Парламент — есеп беретін Үкімет» формуласына негізделді.
ҚР Президентінің Парламенттің төменгі палатасын мерзімінен бұрын тарату туралы Жарлығына сәйкес VII сайланған аудандық мәслихат депутаттары өкілеттіктерін тоқтатты, ал 2023 жылғы 19 наурызда бүкіл ел бойынша мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарға сайлау өтті. Тимирязев аудандық мәслихатының VIII шақырылымының құрамына үш саяси партияның өкілдері кірді: «Аmanat», «Ақ жол», «Ауыл».
Депутаттық корпуста әртүрлі жастағы, кәсіптегі және қызмет саласындағы адамдар ұсынылды. Олардың ішінде сайлаушылардың сеніміне қайта ие болғандар да аз болмады, жастар мен әйелдер саны да өсті.
Атқарушы және өкілді органдардың алдында – азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыру міндеті тұр. Бұл мәселелерде біз өзара толық үйлесімде жұмыс істейміз.
Депутаттық корпус Тимирязев ауданының әкімі Е.Қ. Жаровтың тарапынан жаңа жобаларды, бастамаларды іске асыруға қатысты барлық мәселелер бойынша әрқашан қолдау табады.
Депутаттар облыстан сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің сенаторларымен және мәжілісмендерімен тығыз өзара байланыс жасайды. Жұмыс бір жолға қойылған және қоғамдық кеңеспен де өзара байланыс өте маңызды. Біз қоғамдық кеңестің барлық қорытындыларын міндетті түрде зерделейміз және шешімдер барлық сындарлы пікірлерді ескере отырып қабылданады.
Бүгінгі күні халық сайлаушыларының өз сайлаушылары алдында есеп беруін реттеу халықпен тығыз байланыс орнатуға және олардың жұмысының ашықтығын арттыруға үлкен мүмкіндіктер ашты. Отырыстарда басты назар қоғамдағы ең өзекті мәселелерге аударылады.
Мемлекеттік органдардың барлық нормативтік — құқықтық актілері сессияға шығарылғанға дейін тұрақты комиссияларда міндетті түрде алдын ала қаралады. Комиссия мүшелері жергілікті жерлерде жинақталған проблемаларды қарау үшін ауылдық округтерге барады, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдаулар, сайлаушылармен кездесулер өткізеді.
Тұрақты комиссиялардың көшпелі отырыстарында объектілер құрылысының барысын, жолдарды жөндеу сапасын бақылайды, азаматтарды қабылдайды.
Сайлау округтерінде тұратын халық «өз депутаттарын» өздерінің мүдделерін билік органдарында лайықты түрде білдіреді, олардың өтініштерін іске асырады, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды деген үмітпен таңдады. Бұл үлкен жауапкершілік және қасиетті борыш.
Біз – бір командамыз, алдымызда біртұтас мақсаттар мен міндеттер тұр. Оларға қол жеткізу біздің іс-әрекеттеріміздің өзара түсіністігі мен келісімділігіне, депутаттық корпустағы моральдық — психологиялық ахуалға, атқарушы органдармен тиімді ынтымақтастыққа тікелей байланысты.
Барлық шақырылымдағы депутаттарды өкілді билік органдарының 30 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, білімін, өмірлік тәжірибесін, шығармашылық әлеуетін пайдаланып, туған ауданының игілігі үшін қызмет етудегі ұмтылыстарыңыз үшін алғысымды білдіргім келеді және еңбектеріңізге жеміс тілей келе, жаңа биіктерге, сайлаушылардың игілігі үшін жақсы мақсаттарға қол жеткізе беріңіздер демекпін!
Айман Асанова, Тимирязев аудандық мәслихатының төрағасы