Бас идік біліммен сусындатқан ұстаздарға

Бас идік біліммен сусындатқан ұстаздарға

Құрметті ұстаздар, білім беру қызметкерлері, педагогикалық еңбек ардагерлері, кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. Өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беруде, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт — бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құятын ұстаздардың еңбегіне шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздердің мейірімділік пен әсемдіктен, адалдық пен адамгершіліктен нәр алатын әрбір сабақтарыңызға, әр жұмыс күніне деген құлшыныстарыңыз, шығармашылық көзқарастарыңыз әрқашан тәнті етпей қоймайды.

Бойындағы бар жинап — терген білімін біздің, балаларымыз бен немерелеріміздің санасына сапалы етіп сіңіре білген, олардың білімді, парасатты болып шығуын мақсат еткен, әр бастамаларында қолдау көрсеткен барлық ұстаздарға әлі де шығармашылық жұмыстың жемісін жеп, өз тәрбиеленушілерінің қызығына кенеле берсін деп тілек білдіреміз.

Барша ұстаздар қауымына мықты денсаулық, қызметтеріңізде шығармашылық өрлеу, отбастарыңызға амандық тілейміз! Ел мүддесін бәрінен де биік қоятын озық шәкірттеріңіз көп болсын!

Құрметпен
Тимирязев аудандық мәслихатының төрайымы А.С. Асанова, аудандық мәслихат депутаттары, аппараты