Тимирязевтен Комсомольское ауылына дейінгі бағытта «Тимирязево-Целинное-Докучаево-Тимирязево» КТТМ-54 аудандық маңызы бар автожолының 0-8 км учаскесінде кепілдік міндеттемелері шеңберінде жүргізілген жөндеудің кемшіліктерін түзетуге келген «Көкшетауавтодор» ЖШС техникасы жұмыс істеуде.
Мердігерлік ұйымның өкілімен кездесуге аудандық мәслихат төрағасы А.С. Асанова, депутаттар С.Г. Соболевская, М.А. Уәйісов, А.В. Кашин, С.Е. Оқанов, аудан әкімінің орынбасары Е.В. Худяков, сәулет, құрылыс, ТКШ, ЖК және АЖ бөлімінің басшысы А.Қ. Сұлтанов келді.
Мониторинг кезінде депутаттар, ең алдымен, жолдың жай-күйін, яғни жарықтар, шұңқырлар, ойықтар бар ма екенін қадағалайды. Мониторингтік топ жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жолдың сапасын төмендететін ауыр жүк машиналарының қозғалысын шектеу қажет деген ұсыныс жасады.