Шуақты мерейтойыңызбен!

Шуақты мерейтойыңызбен!

1 ақпанда VII шақырылған Тимирязев аудандық мәслихатының депутаты, төрағасы Айман Серікқызы АСАНОВА өмірінің әдемі бір белесін атап өтпек.

Ол 35 жылдан астам еңбек жолын, өмірлік тәжірибесін Тимирязев ауданына қызмет ету жолына арнап келеді.

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының V және VI шақырылымдарының депутаттық корпусында өз мүдделерін білдіруге үміт артқан жерлестерінің сенімін адал атқара білді.

Айман Серікқызы қай жерде жұмыс істесе де – білім беру органдарында, партия саласында, аудандық архивте – ол әрқашан кәсібилігімен, ерекше ұйымдастырушылық қабілетімен, шебер іскерлігімен, жоғары жауапкершілік сезімімен ерекшеленді. Тимирязев аудандық мәслихатын басқара отырып, депутаттарға өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға жәрдемдесті, аудандық мәслихат аппаратының қызметін жоспарлады, бағыттады және үйлестірді, құзыреттіліктің жоғары деңгейін, жұмысқа деген адал көзқарасты, талапшылдықты танытып, бастамашыл ұйымдастырушы ретінде көрсетті.

Ол қажырлы еңбек жолында өлкеміздің дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаттарымен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасы мәслихаттарына 20 жыл» мерекелік медальдарымен, «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марпатталды. Республикамыздың білім министрлігінің, облыс және аудан әкімдерінің бірқатар Құрмет грамоталарының иегері атанды.

Айман Серікқызының белсенді азаматтық ұстанымы, әрдайым оқиғаның ортасында болуға деген ұмтылысы, оның көзқарасы бойынша ең маңызды мақсатқа, яғни Тимирязев ауданының игілігіне, туған жерінің өркендеуіне бағытталған. Ол өзінің туған жері үшін шын жүректен алаңдайды, оның барлық жетістіктеріне шынайы қуанады, мақтан етеді, қоғамдық өмірінен тыс болғысы келмейді, өзекті мәселелерін нәтижелі шешуге атсалысады, туған жерге қызмет ету – әрбір адамның азаматтық борышы деп есептейді. Сонымен қатар ол өмірде – нәзік, қызметте – талапшыл әрі әділ, отбасында – аяулы ана. Жұбайы Мұхтар Аманұлымен бірге үш бала тәрбиелеп өсірді, немерелерінің тәрбиесіне де көп көңіл бөледі.

Алдына айқын мақсаттарды белгілеп, сол мақсат-мұраттарды жүзеге асыру үшін талмай еңбек етіп жүрген Айман Серікқызының зор жетістіктерге жете беруін, отбасы амандығын, әр ісіне бақ-береке, сәттілік тілейміз!

Тимирязев аудандық мәслихатының депутаттары,
аппарат ұжымы